Біз жастар жат ағымға қарсымыз!
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Аманбаева Ақтоты Аманбайқызы
|
Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде әр түрлі болып келген. Сондықтан «дін» дегеннің не екенін танып, білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік. Егемен Қазақстан мемлекеті азаматтары үшін бұл қажеттіліктің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ислам және православдіндеріне сенетін халық 90 пайызды құрағанымен, қазіргі заманда елімізге өзге діндер ықпалы айтарлықтай.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді.
Діннің психологиясы – діннің адамның ішкі жан дүниесіне әсер етуін зерттейтін ғылыми зерттеулер аймағы.
«Ислам өмірдің, тіршіліктің және табиғат пен әлемнің барлығына үкім еткенқасиетті заң. Алланың заңы Ислам – бас ию, мойынсұну дегенсөз. Бүкіл әлем сүйіспеншілдіктен және мойынсұнудан ғана жасалған.Сондықтан бірғана Құдай – Алладанбасқаға бас имеңіздер, мойынсұнбаңыздар. Ол бар нәрсені біледі, бізді де. Өзін білуімізүшін жаратқан.Ендеше, бұл дүниенің өткінші қызықтарына алданбаңыздар».ИМАНДЫ баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым,
Дінді тек берер сүйген құлға ғана
Ендеше, дін тірегі НАМАЗ дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар,
Құраннан ешқашанда ара үзбейді.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.71 Mb |
Количество скачиваний: | 5 |