БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.

Міндеттері:

1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.

3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 Жүргізушілер сахнаға шығады.

1-ші жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін   біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз  құтты болсын.

2-ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер

                            Жеті жасқа жеттіңдер 

                            Барасыңдар сыныпқа

                            Бір белестен өттіңдер

1-ші жүргізуші: Өсті ақыл ойларың

                            Өсті міне бойларың

                            Қуанышқа ортақпын

                            Құтты болсын тойларың

 

Сахнаға балалар шығып тақпақтарын айтады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 3.44 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 221

Похожие материалы