«Біздің болашағымыз қандай?»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Пікір сайыс: «Біздің болашағымыз қандай?» Мақсаты:Оқушылардың бойына мемлекеттің даму бағытына қосар үлесі жөнінде өзіндік пікір, көзқарас, ұстанымын қалыптастыру, патриоттық сезімді ояту, елдің жетістігіне деген мақтанышын, ертеңгі күнге деген сенімін арттыру. Оқушылардың танымдылық,білімділік деңгейін көтеру,ой белсенділігін дамыту. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,жақсы қасиеттерге,мейірімділікке үйрету. Түрі:   пікірсайыс. Әдісі: пікірталатыру, ойландыру. Көрнекілігі:видеопрезентация. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Пікір сайыс шарттарымен таныстыру: Әдеп сақтау, сыпайы сөйлеу, басқаның пікірін тыңдау. Оқушылардың  біздің болашағымыз деп ұрандатамыз да, артынан жастар бұзық, оқымайды, жалқау, қылмыскер... деп кінәлап жатамыз. Иә, жастарды кейде мақтаймыз, даттаймыз: жастардың тәрбиесіне, рухани мәдениетінің дамуына үлкендердің үлесі, үлгісі қалай деп сұрақ қоймаймыз. Бүгінгі ортаға салатын мәселеміз де, жастарымыздың қәзіргі қоғамдағы орны. Болашағымыз жастар дейміз. Болашағымызды сеніп тапсыратын жастар қандай болу керек? Әзіргі жастарымыздың қоғамдағы белсенділігі қалай? Белсенділіктері төмен болса оған не себеп? Қоғам ісіне араласуға жастар белсенділігін қалай көтереміз? Неге ата тарихын, ұлтының ұлы ғұлама, зиялылар еңбегін көп жастарымыз білмейді – деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасып көрсек: Жарқынбек Сейтінбетұлы айтқандай жастарымыз өз ұлтымыздың тарихынан, Шоқан, Абай, А.Байтұрсынов т.б ұлы зиялылар рухынан нәр алып өссе рухани мәдениеті биіктеп, ұлт мүддесін ойлайтын ойлы, тура жол таңдай білетін жастар қатары әлде қайда көбейер еді. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға, Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін! деп – М.Жұмабаев айтқандай, жастарға сенім артамыз. Үлкендер сенімін ақтау үшін, жастарымыз жан-жақты терең білімді, қоғам ісіне белсене араласып, өз ой-пікірін ашық айтып, қорғай алатын, қоғам мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоя білуі керек. М.Жұмабаев жоғарыдағы өлеңін 19 жасында жазыпты. Жастар белсенділігі төмен дегенде, жастарға кінә артуға болмайды деп ойлаймын.Үлкендер бізде белсенділік болмаса, жастар қайдан алады белсенділікті. Шынын айтқанда, қоғамның болашағы мен ісі жоқ, ішкен-жегеніне, дүниесіне мәз үлкендерді көрген жастарымыз кімнен үлгі алады. Заңды бұзатын кім? Сыбайлас жемқорлық жасайтын, пара  алатын кім? Дөрекі сөйлеп, қатыгездік жасайтын кім? Халықтың несібесінен байығандар кім? Айта берсе таусылмайды. Ал кім? Ашығын айтқанда, лауазымына қарамай қоғам моралына қарсы тірлік жасайтын үлкендер аз емес. Енді қатысушы жастарды тыңдап көрейік: 1-оқушы: Біз Қазақстанның болашағымыз! 2-оқушы: Мен өз болашағымды жарқын етіп, есірткісіз елестетемін. Оқимын, білім аламын, елім үшін қызмет етемін»  3- оқушы: Білімді жас ұрпақ - болашақтың кепілі»! – деген еді Қазақ атам сондықтан да биылғы Елбасымыздың Жолдауы біз үшін мағыналы да, мәнді.  4-оқушы: Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. … 5-оқушы: Жастар мәселесі қашан да қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылады. Демек, қазіргі таңда өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе білетін асқақ ойлы азаматтар болуы тиіс. 6- оқушы: “Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,-демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі.      Қорытынды:Әрбір адам туылғаннан керемет сыйға бөленген,ол-жетілуге талпыну.Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп,ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз,үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз,сондықтан балалар еліміздің даңқын асыру үшін білім алып,оның гүлденуіне өз үлесімізді үнемі қосып отырайық.Ел болашағы-жалынды жастар қолында екенін үнемі жадымызда сақтайық.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.23 Kb
Количество скачиваний: 182
Просмотров: 584

Похожие материалы