Біздің отбасымыз.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:Біздің отбасымыз.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Қазақ халқының «Біздің отбасы» туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру. тақырыбында білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: елімізге деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, мемлектіміздің заңдарын қадірлеуге баулу;

Көрнекілік материал: суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу

Сабақтыңәдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

Бағалау парақтарын тарату.

І.Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау)

Біздің жанұямызға сегіз жан бар. Атам мен әжем құрметті демалыста.Әкем жүргізуші. Шешем тігінші болып істейді. Атам мен әжемнің ортасында кішкентай Әсел отыр.Олар оған ертегілер, әңгімелер айтып тәрбиелейді. Әсел бала-бақшаға бармайды.Бірақ бұл отбасында үлкенге құрмет, кішілерге қамқорлық жасауға тәрбиелейді.

ІІ.Тренинг – фонетикалық ойын « Кім тапқыр?»

1. Сөздің бастапқы әрпі мен соңғы әрпі «а»

2. Сөздің бастапқы әрпі «ә» , соңғы әрпі «е» немесе «і»

3. Оқушылар «Отбасы» тақырыбына туыстық атаулар тауып жазулары қажет.

(Мысалы: ата, ана, әже, әке, әпке, аға, ....)

ІІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту. (3 минут)

1.Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.

Сөздермен жұмыс.Сөздікті пайдаланып аудар.

Ата - әкенің әкесі.

Әже - әкенің шешесі.

Әке-шеше, ата – ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі – зайыпты адамдар.

Бала – ата – анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады.

Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы.

өыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана.

Немере – ұлдың баласы.

Шөбере – немеренің баласы.

Жеңге – ағаның әйелі.

Ағайын – бірге туған туыстар.

Аға, апа (әпке), қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған немесе туыстың балалары, үлкен болса – аға, кіші болса – іні, үлкен қыз - апа (әпке), кіші болса – қарындас, қыздар үшін сіңлі болады.

2.Суретті сөйлету қажет.Тілдесім.

3.Оқылым. Мәтінмен жұмыс. «Біздің отбасымыз» 6сын. 4бет

Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу, негізгі ойын тауып дәптерге жазу.

4. Жазылым.

І - деңгей

1-тапсырма.Аударыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

У Вас есть семья? В семье сколько человек? Как зовут вашего отца (мать)? Сколько ему (ей) лет? У тебя есть родственники? Как их зовут, сколько им лет? У Вас есть дети? Сколько у Вас детей? Как их зовут, сколько им лет? У Вас есть дочь? Как ее зовут, сколько ей лет? У Вас есть сын? Как его зовут, сколько ему лет? У тебя есть дедушка, бабушка? Как их зовут, сколько им лет?

ІІ - деңгей.

1. Сөздерді(әпкелер, ағам, іні, сіңлің, шешесін, әкенің) буынға бөліп, түрлерін анықтау.

2. Сөздерді тәуелде: шеше, бауыр

3. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

онша

сегіз

әжем

кішкентай

үлкенге

біздің

кішілерге

әкем

ол

бала-бақша

бармайды

тігінші

құрмет

емес

Әсел

жүргізуші

жанұямыз

қамқорлық

жан

демалыста

Жалпы ұпай

1 сөз тіркесі -1 ұпай

ІІІ - деңгей.

1.Толық фонетикалық талдау жаса: қыз, ұлдар

Үлгі:

Кішілер – кі-ші-лер-үш буынды, 1,2-ашық буындар, 3-бітеу.

К – дауыссыз, қатаң

І – дауысты,

Ш

І

Л

Е

Р

VIII. Тілдесім. Мына мақалды қалай түсінесіңдер?

IX.Айтылым.

Көріністі сөйлету.

X. Үй жұмысы.

XI. Бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.99 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 168

Похожие материалы