Cауат ашу 1 - сынып "Г г дыбысы мен әрпі"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кулекенова Молдир Имангазиевна
|
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Г г дыбысымен және әрпімен таныстыру
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларды Г г дыбысымен және әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі Г г дыбысының орнын меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы Г г дыбысының дауыссыз дыбыс екенін байқату.
Г г дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасауға, ауызша сөйлем құрауға машықтандыру.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, білім – білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық тапсырмалар бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасау арқылы бірлікке, сыйластыққа, шыншыл болуға тәрбиелеу
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3-модуль: Бағалау
4-модуль: АКТ – ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)
7-модуль: Көшбасшылық
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер,маркер,
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топпен жұмыс.
3.Рефлексия
4.Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Топқа бөлу
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1.Жылқының түстері арқылы топқа бөлінеді.( қызыл,көк)
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Үй тапсырмаын орындайды
4. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Г г дыбысы мен әрпі туралы мәлімет алады
5.Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды
6. Кері байланыс жасайды
Топқа бөліну: Жылқының түстері арқылы
І кезең: Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны арқылы
Ойын шарты: Әр топ тақтадағы 10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды орындайды
10 – Үкі, үйрек, үйшік – сөздерін оқы
20 – Күріш, күміс, күшік
30 – Түлкі, күлкі, түйме
40 – Жүрек, күрек, жүзік
Үй тапсырмасын пысықтау: «Ассоциация» әдісі арқылы Ү ү дыбысы кездесетін суреттерді топтастырады
Есептер жазылған қағаз қиындыларын таратамын. Оқушылар есепті шығарады және шыққан мәндерін өсу ретімен орналастыру арқылы «Гүл» сөзін шығарып алады.
«Гүл» сөзін талдай отырып Г г дыбысы мен әрпімен таныстырамын
Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы бағандағы сөздерді интербелсенді тақтадан оқиды, түсініксіз сөздерге сөздік жұмысын жүргіземін.
Мысалы:
Бетеге— астық тұқымдасынажататын көп жылдық өсімдіктер. Далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерлерінде өседі. Олардың гүлшоғырыселдір, кейде тығыз сыпыртқы гүлді. Сабағындажапырағы сирек орналасқан, ұзынша, жылтырболып келеді. Қазақстанда20 түрі бар, жиі кездесетін түрлері кәдімгі бетеге, су бетегесі.
Шеңгел — бұршақтұқымдасына жататын бұта. Қазақстанның шығыс, орталықжәне оңтүстікоблыстарының далалық аймақтарында, құм, саз, топырақты жерлерде, жайылымдардағы бұталардың арасында, өзен-көлжағасында, қиыршық тасты сортаңдарда, тақырларда өсетін 1 түрі — ақ шеңгел бар. Мамыр— маусымайларында гүлдеп, жемісбереді. Жемісі — сарғылт қоңыр бұршақ,
Жұмбақ шешу
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт (Көгершін)
Сергіту сәті: Би билеу
Дәптермен жұмыс
Жаңа сабақты бекіту: «Адасқан буындар» ойыны
Рефлексия: Күлегештер арқылы
Бағалау, мадақтау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 87.49 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |