«Числовые промежутки»

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының үшінші деңгей бойынша мектептегі тәжірбиесін іске асыру  барысында №82 жалпы білім беретін орта мектебінің коммуналды мемлекеттік мекемесінің  математика пәнінің мұғалімі Аманкелді Самалдың қысқа мерзімді  сабақ жоспары              Күні: 07.02.2014 ж Сабақ жоспары:  математика пәні        Сыныбы: 6 «ә»    Тақырыбы: Сан аралықтары Ø Мақсаты-     Сан аралықтарын  және санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында белгілеуін білу  және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.  а) Білімдік: Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру. ә) Тәрбиелік: тез ойлап, дәл таба білуге тәрбиелеу. б) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту. Міндеттері:       - Координаталық түзу бойындағы сан  аралықтарын  ажырата білу;                         -  Координаталық түзу бойындағы сан  аралықтарын  іс-тәжірибеде дұрыс қолдану;                         -  Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарының  таба білу.                         - Оқушыларды ізденіске, ойлауға баулу. Қолданатын модульдер:                            1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.                            2.Сыни түрғыдан ойлау.                            3. Оқытудағы  ақпараттық  -коммуникациялық технологияны пайдалану.                            4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.                            5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту  және оқу.                            6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс. Сабақ типі: Практикалық сабақ .  Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.                                                       Топтастыру( математикалық фигуралардың түстерімен мозайка қиылған суреттер бойынша                                                   «Кубизм»,  «Көршінді тексер», «Болжау» , «Ойлан-бөліс-талқыла», «Миға шабуыл» Рефлексия. Күтілетін нәтиже:                         -  Координаталық түзу бойындағы сан  аралықтарын  ажыратады;                         -  Координаталық түзу бойындағы сан  аралықтарын  іс-тәжірибеде дұрыс қолданады;                         -  Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын  табады.                      
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 152.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 164

Похожие материалы