Cыныптан тыс сабақ "Жүзден жүйрік" 3 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

ТАҚЫРЫБЫ:  Жүзден жүйрік...

МАҚСАТЫ: Сыныптан тыс сабақтар арқылы  оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Қызықты тапсырмалар, мысалдар, сөзжұмбақтар арқылы білімін, біліктілік дағдыларын тексере отырып қалыптастыру. Логикалық есептер арқылы ойлау, есте сақтау, танымдылық қабілеттерін дамыту. Топтық жұмысқа үлес қосу үстінде, өз бетінше ізденуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

ӘДІСІ: Сұрақ-жауап, топтау, талдау, өз бетінше жұмыс, ой қозғау.

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Ана тілі, ағылшын тілі

КӨРНЕКІЛІГІ: Интерактивті тақта, слайдтар, реферат.

БАРЫСЫ: І - Ұйымдастыру кезеңі.

Жүзден жүйрік...

                                        І – Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып  

Көңілді кеш жасайық 

ІІ – Жүргізуші:       

Бүгінгі күн сайыста,

Ешкімнен сен қалыспа.

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста.

                                                                                                                                 

І  - Жүргізуші:

Қош келдіңіздер құрметті оқушылар . «Жүзден  жүйрік» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

1.     Кім көп біледі?

2.     Кім жылдам ?

      3. Кім зерек? (Логикалық есептер)

      4. Есепке кім жүйрік? (Көрермендермен)

      5. Артық болмас білгенің !

      6. Мақал-мәтел

Сайысымыздың  І-ші шарты: Таныстыру.

І топ: Білімділер.

Ұраны: Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп.

Әні:

Бір мектепте оқимыз бәріміз де,

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге

Жарысуңа сендермен келіп тұрмыз,

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

ІІ топ: Ойшылдар.

Ұраны: Оқу- білім азығы,білім- ырыс қазығы.

Әні:

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,

Ойламаңдар қорқып бізді қашар деп.

Біз дайынбыз жарысуға достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

ІІ-ші шарты: Кім көп біледі?

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.9 Kb
Количество скачиваний: 187
Просмотров: 294

Похожие материалы