"Дауыссыз б мен п" тақырыбындағы презентация

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: дауыссыз дыбыстар классификациясынан өткенді пысықтау; дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін толықтыру. Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б) Сөйлесу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жана сабақ. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздерді оқу, аудару, олармен сөйлемдер құрастыру. Тарихи орындарға саяхат. Айтылым. Сөйлесім. (Мұғалім алдын ала балаларды рөлдер бойынша дайындайды (гид, қария - қала тұрғыны, жүргізуші, журналист, фотограф). Мұғалім:

- Балалар! Бүгін біз қызықты саяхат жасаймыз. Біздің елімізде көптеген ғажайып орындар бар. Солардың бірі - қасиетті Түркістан қаласы. Қаламен бізді гид Кәмила таныстырады.

Жүргізуші: Ал, балалар, автобусқа жайғасып отырыңдар. Гид Кәмила апайларыңды мұқият тыңдаңдар.

Гид: Қазақтың қасиетті жеріне қош келдіңдер! Саяхатымызды бастайық.

Түркістан - өте көне қала. Оған 1500 жыл болды. Ежелгі аттары: Шабғар, Йасы.

(Балалар қолдарына Түркістан туралы мәлімет ұсынылады). Онымен танысайық.

(Мұғалім оқулықтағы мәтінді оқытып, аудартады).

Гид: Балалар! Біз қаланың орталық көшесімен келе жатырмыз. Сендер үйлер, эдемі ғимараттар көріп отырсыңдар. Қала тұрғындары еңбектеніп жатыр. Біз Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жақындадық. Автобустан түсіп, осы ғимаратты тамашалайық.

Қария: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ата!

Қария: Қайдан боласыңдар?

Оқушылар: Біз ... келдік.

Қария: Бәрекелді. Әр адам өз туған жерінің тарихын білуі керек. Оқушы: Ата, мынау кесене қашан салынған? Қария: Бұл кесене XV ғасырда салынған. Кесенеге кіріп, ата-бабаларыңның рухына тағзым етіңдер. Оқушылар: Рақмет. Сау болыңыз, ата.

Гид: Бұл - өте үлкен кесене. Мұнда кітапхана, ас бөлмесі, тағы басқа бөлмелер бар. Бұл кесенені шебер адамдар тұрғызған. Түркістанға көп саяхатшылар келеді. Түркістан «екінші Мекке» деп аталады.

Фотограф: Балалар, мен сендерді суретке түсіріп алайын. Естелік болсын.

Журналист: Ал мен интервью алайын. (Журналист пен оқушы арасындағы сұхбат).

- Балалар, сендер қайдан келдіңдер? - Біз... келдік.

- Түркістанға бірінші рет келдіңдер ме?

- Иә, біз мұнда бірінші рет мұғалімімізбен келіп отырмыз.

- Сендерге бұл саяхат ұнады ма?

- Иә, бізге Түркістан қаласы, әсіресе Қожа Ахмен Йасауи кесенесі өте ұнады. Біз осы тарихи жерге келгенімізге өте қуаныштымыз.

- Рақмет.

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.

а) Мәтінді оқыту.

ә) Оқушыларға айтылуы киын кейбір сөздерді бірнеше рет қайталаттыру.

б) Сұрақтарға жауап беру.

Мұғалім: Балалар, ал енді біз грамматика әлеміне де келіп жеттік. Дауысты дыбыстарды қайталап кетейік те дауыссыз дыбыстармен танысайық.

4. Грамматикалық материалды түсіндіру. Тындалым.

а) Оқулықтағы ережемен таныстыру.

ә) Орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстар классификациясын еске түсіріп, салыстыру.

б) Мәліметтерді толық меңгеруі үшін мысалдар келтіру. Үлгі: қала — қ — дауыссыз, қатаң;

л — дауыссыз, үнді.

5. Сөйлесім. Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дауысты және дауыссыз дыбыс­тар).

2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3. Жуан дауысты дыбыстарды және жіңішке дауысты дыбыс­тарды атаңдар.

4. Дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

5. Дауыссыз дыбыстар жайында не білеміз? (Дауыссыз дыбыс­тарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырайды, сондықтан созып, әндетіп айтуға келмейді. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады).

Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстармен буын құрауға болама?

У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?

6. Жазылым. Жаттығулар орындау.

а) Оқушылар берілген сөздердің қазақ тіліндегі баламасын еске түсіріп, сөзжұмбақты шешеді.

ә) Шешілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратып айтады.

IV. Сабақты қорытындылау.

4.1. Үйге тапсырма беру.

1. Түркістан қаласы туралы әңгімелеу.

 

2. Жаңа сөздерді жаттау.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.88 Mb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 305

Похожие материалы