Әдебиет сабағын оқытуда жаңа технологияны қолдану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Атырау қаласы                                                                                                                                 Дамбы селосы                                                                                                                          Амангелді орта мектебі                                                                                                                  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Жанатаева Айымгүл Бағыбергенқызы Баяндама                                                                                                                             Тақырыбы: Әдебиет сабағын оқытуда жаңа технологияны қолдану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру                                                                                                

Ұстаз қызметінің мақсаты – өз пәнін үйретуден                                                                              гөрі тереңіректе: ол- адамды жасаушы адам.                                                   А.Қыраубаева

        Ғылым мен техниканың шарықтау дамып, адамзат баласы ғаламдану үдерісі жөніндегі пікірлерін ортаға салып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін пайдаланып жүрген тұста білім беру жүйесі де осы өзгерістерге сол жаңашылдық пен әлемдік білім кеңестігіндегі соны ізденістерге сай сабақ жүргізудің уақыт міндеттеп отырған талап екенін айқын сезінуде. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру өз ісінің шебері болумен қатар өз мамандығын сүйіп, адал да аппақ жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана елшісінде.                                                                                                               

       Ұстаз алдындағы басты міндет – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үдерісіне қатысар тұлға даярлау – мұғалім мақсатының бастау көздері.

       Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деген бағдарлы сөзі педагогтардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды нұсқаларын таңдап- талғау алдыңғы кезекте тұрады. Мектептерде жаңа бағдарламалар, жаңа технология әдістері көптеп пайдаланып жүр. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (Ж. Қараев,  Ж.Кобдикова), модульдік талдау (Н.Оразахова) тағы басқа. Сондай жаңа әдістердің бірі «Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Бұл жүйемен оқытуды жаңаша ұйымдастыруда көптеген міндеттерді шешуге болатындығы ұстаздар қауымын қатты қызықтырып бағдарламаны оқып, үйренушілермен оны күнделікті сабақтарында кеңінен қолданушылар қатары көбейіп отыр.                                                                                       «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы:                                                                  -     Кез келген мұғалімге сапалы сабақ беруге мүмкіндік жасайды.                                           -    Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен дараланады.                            -    Оқушының қиялын дамытып, жеке «менің» қалыптастырады.                                      -    Өз ойын еркін жеткізуге оқушыларды дайындайды.                                                       -    Сабақ кезінде барлық стратегиялар үш кезең арқылы жүзеге асуымен тиімді болады.                                                                                                                                    -    Ғылыми – теориялық тұжырымы терең және ерекшелігі мол.                                         -    Сабақтың сапасы артып, балалардың танымдық белсенділігі мен ықпалын дамытуға негіз болады.      

      Қорыта айтқанда, әр сабақтың құрылымы алдымен меңгерілетіні, үйретілетіні, оқу материалының ішкі логикалық жүйесіне сүйену арқылы ғана анықталады.                 

    Қазіргі сабақтың негізгі бағыты – сабақ үстінде оқушының өз бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру.

   «Сын тұрғысынан ойлау»  жүйесі арқылы оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жеке жұмыстың көлемі азайып, ұйымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым- қатынас құралына айналады. Оқушылардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап дараланып, білім алуы мұғалім көмегі арқылы балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.Сонымен қатар, оқыту мен сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқушыға үйрету емес оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады.Жаңаша сипаттамада жұмыс жасайтын мұғалім сабақ жоспарын жасақтағанда оның мақсаты мен міндетін «Не үшін оқытылады және нені меңгеру керек» деп анықтайды.

    Ал мазмұнын нені оқыту керектігімен, құралдарын- ненің көмегімен оқыту қажеттілігімен айқындайды.Сабақты ұйымдастырып өткізуде қалай оқыту керектігін ойланып, бағалауда «Нәтижені қалай тексеріп көру керек?» деген сұраққа жауап іздейді.

   Соның нәтижесінде білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізіліп, білім сапасы артады.

    Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:                                            -Баланы жеке тұлға ретінде оқу ісіне, өз ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, жеке тұлғаның оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдысын жетілдіру. Өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету.

 Мақсатқа жету жеке тұлғаның өзі арқылы жүзеге асады.Мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші.

  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

   Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

   Менің алдыма қойып отырған мақсатым осы еді. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін әдебиет сабағында қолданылған әдіс-тәсілдеріме тоқталуды жөн көрдім.

           «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолданудың тиімділігі

1.Топтастыру                                             Оқушы өз ойын ашық айтуға үйренеді.                                      2. БҮҮ                                                         Талқылауға белсенді араласады.                     3.Венн диаграммасы                                 Топпен жұмыс жасауға үйренеді. 4.Ұқсастық  пен даралық                         Шығармашылықпен жұмыстанады.       5.Дөңгелек үстел және қаламсап            Шапшаң сөйлеуге үйренеді.                              6.Елесті жетелеу                                                                                                        7.Болжау                                                                                      

Мысалы, 5 сыныпта әәТолағай тақырыбын өткізгенде мағынаны тану бөлімінде «Болжау кестесі» әдісін қолдандым.

 Не болады деп ойлайсыз?

   Оған қандай дәлел бар?

             Не болады?

Саржан мен Айсұлу шаңырағына келген нәресте туралы.Бала ертегідегі батырлардай сағат сайын өсетін болды. Толағай мен әкесіне жау кездеседі деп ойлаймын. Толағай  су іздеп шығады.

 

Оған арнап той жасайды. 

Есімі батырларға ұқсайды. 

 

 

 

Себебі екеуі айдалада жүр.

Ел сусыз қалды. 

 

Халық қуанды.

Толағай алып денелі бала болды.Он баланы көтергенде қабырғасы қайыспаған.

 

Жолбарыс кездеседі.

 

Тарбағатай өңірінен үлкен тауды, көтері алды.

Еліне жеткен Толағай әлденеге сүрініп құлап өлді.

                              

 

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  стратегиясының ішінде оқушылардың қызығушылықпен сүйсіне орындайтыны «Екі жақты түсіндірме күнделік» стратегиясы.

      Өзіме ұнаған мақал                                                    Несімен ұнайды?

«Туған жер-алтын бесік»                                     Туған жер- анамыз сияқты.Бар                                                         

                                                                             ғұмырымыз осы жерде өтеді. Сәбиді        

                                                                             ана бесікке бөлеп, аяласа, туған жерді    

                                                                             біз де аялауымыз керек.

     5 сыныпта Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» тақырыбын өткізгенде «Еркін жазу» стратегиясын сабақты қорытындылау бөлімінде қолдандым.     

     Ұланымын ұлы елдің.Туған өлке.Таулы жер.Хош иісті гүлдер. Өзен.Қазақстан. Республика.Кең халық.Ыстық.Елім.Тіршілік.Отан.Ақын.Ырыс.Бақыт.Болашақ.

 

      9 сынып «Қорқыт ата кітабы» тақырыбын өткенде БҮҮ кестесін оқушылар қызығушылықпен толтырды.Бұл кестені сабақтың 3 кезеңінде 3 кестесін толтырады.

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

 VIII ғасырдағы сыр бойында Жанкент қаласында дүниеге келген. Мазары Қызылорда облысы, Қармақшы стансасында орналасқан.

Қорқыттың көп күйлері бар екенін, сонымен бірге көптеген жырлары бар екенін, жырларының қазақ әдебиетіндегі ертегілерге ұқсас екендігін үйрендім.

  Күйлерінің шығу тарихын, жырларын толықтай оқып,білгім келеді.

   Бұл сабақта «Білетінім, білгім келеді» тапсырмасы оқушылардың Қорқыт туралы бұрыннан білетін мәліметтерін айқындау үшін қолданылады. «Білгім келеді» бөлімінде оқушылар өздерін ойлантқан сұрақтарға нақты жауап іздеп,мұғалім жауабын қызыға тындайды.

   Венн диаграммасы,Тірек сөздер стратегиялары ойларын жинақтауға, салыстырулар жасауға зор ықпал ететіндігін оқушыларымның берген жауаптарынан байқадым. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін,ойын,еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйренді.

 

О                          *Танымы біліктілігі артады.

Қ                           *Сауатты болуға жол ашады.

У                           *Сөздік қоры көбейеді.

Ш                          *Ізденіс пайда болады.

Ы                           *Жүйелі ойлау қабілеті оянады

                                         *Ұстазбен ынтымақ нығаяды.

 

 

 

М                        * Оқушы еңбегіне сеніммен қарайды.         

Ұ                         *Оқушы шығармашылығын ұштаужолына жұмыстану

Ғ                             *Бағыт-бағдар жол сілтеп, ұсыныс береді.   

А                          *Өз пәнінің беделі үшін күреседі.

Л                         *Уақытты тиімді пайдалану.

І                           * Шәкірт бірлігі үшін күреседі.

М                        

      Әдебиет пәні бойынша білім сапасын мониторинг көрсеткіші бойынша саралайтын болсақ, әр тоқсан сайын оқушы білімі сапасының қорытындысы төмендегіше болады.

 

                           

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 209.42 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 106

Похожие материалы