Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: С. Сейфуллин

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин "Туған ел"
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға С. Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру.
Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер
Сабақтың типі: Жаңа білім енгізу
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Психологиялық тренинг
№1 слайд
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.

№2 слайд
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп сабағымызды бастайық
- Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырып, сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.
Бекіту сұрақтары:
- М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған.
- Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?
- Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

№3 слайд
Үш бақытым
Туған тілім
- Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?
Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын - жазушы жоқ.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.72 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 102

Похожие материалы