Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жылу Ф.Оңғарсынова 2-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Koishbaeva Hadisha Ongarovna
|
Сабақтың тақырыбы:
Жылу Ф Оңғарсынова
Жалпы мақсаты:
Ең қымбат адам – ана екендігін түсіндіріп, оның мейірімі мен жақсылығын түсіну, ананы сыйлай білу.
Міндеті:
Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:
Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеуге үйренді.
Көрнекілігі : суреттер, слайд, кестелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныпты стикер арқылы төрт топ бөлу.
Психологиялық дайындық
Күн шуағы,
Қол ұстасып бәріміз
Жылылықты сезейік
Күндей болып әрқашан
Күлімсіріп жүрейік !
II.Үй тапсырмасын тексеру
Қайқауастың Ата- ананы құрметтеу туралы тақырыбындағы мәтіндегі бөліктерден өзіңі ұнағанын жаттап келуге, өзіде де ата- анасы тақырыбында өз ойын жазып келуге бердім.
III.Жаңа сабақты меңгерту.
1.Құт берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
- Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
- Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?
Бүгінгі сабақта біз Фариза Оңғарсынованың аналарымызға арналған «Жылу» атты өлеңімен танысамыз. Мақсатымыз ең қымбат адам – ана екендігін түсініп, оның мейірімі мен жақсылығын түсініп оған қамқор болу керек екенін ұғынамыз.
Кіріспе сөз:
(Интерактивті тақта арқылы Фариза Оңғарсынова жайында суреттер көрсетіледі.)
Фариза Оңғарсынова 1939 — жылдың 25- желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961- жылы педагогикалық институтты біріп, мұғалімдік қызметті атқарып, газеттерде тілші, журналдың бас редакторы болған. Бүгінде ол халық жазушысы, парламент депутаты болған адам.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 843.22 Kb |
Количество скачиваний: | 88 |