«Әдемі торғай» ашық оқу іс-әрекеті

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Әдемі торғай» атты ашық ҰОӘ – і балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, торғайдың дауысын тыңдаумен басталды. Сол кезде өлең жолдары оқылып, не жайында айтылғаны сұралды. «Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны ойналды. Балалар құстардың дауыстарын ажыратты. Кейбіріне шатасты. Ойыннан соң фишкаларын таңдап, «Өнер» және «Білім» орталықтарына бөлінді. «Білім» орталығында тәрбиеші Н.С. Аугалиевамен балалар құстардың тіршілігі жөнінде әңгімелесті, сұрақтарға жауап алынды. Ал «Өнер» орталығында мен, А.М. Кушаевамен балалар торғайдың әдемі мүсінін мүсіндеп, ағаш бұтақтарына орналастырды. Алдымен балаларға үлгісін көрсете отырып, жасалу жолдары түсіндірілді. Екі орталық ауысар алдында сергіту сәтін орындады. Барлығы жұмыстанып болған соң, «Жапалақ» ойыны ойналды. Балалар қызығушылық танытып, ойынға қатысты.

         Жалпы оқу іс-әрекеті жоспар бойынша өтті, бірақ балалардың қатысуына көңілім толмады. Әлде оқу жылының басы болғандықтан ба, балалар ермексазбен жұмыстануда икемділіктері байқалмады.  Тапсырманы жәй орындады.

       Балалармен алдағы уақытта ермексазбен көбірек жұмыстанып, саусақ қимылдарын жаттықтыруға жаттығулар қолданамын.  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 50 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 180

Похожие материалы