Дене шынықтыру 2-сынып. Тақырыбы: Гимнастикалық орындықпен жүру.
| Предмет: | Начальные классы | 
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы | 
| Автор: | Имаканова  Рабига Сарсенбековна | 
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
2-сынып дене тәрбиесі.
Тақырыбы:Гимнастикалық орындықпен жүру.
Спорттық жабдықтар
Сабақ өткізіле-
тін орын
Бөлін-
ген уақыт
Мақсаты мен міндеттері:
1.өрмелеуді үйрету.
2.Гимнастикалық орындықтың үстінде орындалатын қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы статикалық және динамикалық тепе-теңдікті дамыту.
3.Сабақ уақытында тәртіптілікке баулу.
Гимнастикалық қабырға, ысқырық, гимнастикалық таяқтар, үнтаспа.
спортзал
Сабақ барысы:
Бастапқы бөлім: Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Мақсатын түсіндіру гимнастикалық орындықтың үстінде орындалатын қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы статикалық және динамикалық тепе-теңдікті дамыту.
10 мин.
Негізгі бөлім: сапқа арналған жаттығулар: бір орнында бұрылыстар жасау, орнында жүру. Баяу жүгіруді ысқырықтың белгісі бойынша жүгіруге алмастыру.Сонан соң жүгіруді жүруге алмастыру. Шеңбер жасап тұрып, жаттығулар жасау.
-орындықтың үстімен тізені тигізбей өрмелеу.
-орындықтың үстінде тізерлеп жылжу;
-орындықтың үстімен етпетінен жатқан қалыпта қолмен тартылып жылжу. Екі қол алға созылып, орындықтың екі жағынан ұсталады.
-гимнастикалық қабырғада асылу, жоғары-төменге өрмелеу;
- гимнастикалық орындықта қолды белге қойып, жай жүру, екі қолды екі жаққа созып жүру және аяқтың ұшымен жүру.
25 мин.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) | 
|---|---|
| Размер: | 10,5 КБ | 
| Количество скачиваний: | 95 |