Дененің электрленуі. Электр заряды. 8-сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: § 28 Дененің электрленуі. Электр заряды.

                                                   Электр зарядының сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға дененің электрленуі және зарядталған денелер арасында болатын әрекет етуші күштер туралы мағлұмат бере отырып, негізгі ұғымдарымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Күнделікті тұрмыс тіршілікте дененің электрленуінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білу және электр энергиясын ұтымды пайдалануға үйрету.
3.Дамытушылық: Электр өрісінің техникалық және практикалық маңызымен таныстыру. Іскерлі, ізденгіш, шығармашыл, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабақ:

1) Балалар, алдыларыңда тарақ, қалам, екі целлофан қағаз, қағаз қиқымдары тұр.
Сұрақ: - қағаз қиқымына қаламдарыңды, шашқа тарақты, екі целлофан бетті бір - біріне тигізіп көріңдерші, не байқадыңдар?
Жауап: - ешнәрсе
Енді, тарақпен шашты тарап, бір - біріне жақындатыңдар, қаламды шашқа үйкеп, қағаз қиқымына жақындатыңдар, екі целлофанды үйкеп бір - біріне жақындатыңдар, не байқадыңдар?
Оқушылар жауап береді.
Ендеше, үйкегеннен кейін ұсақ денелерді өзіне тартатын денелерді электрленген деп атаймыз «Электр» деген сөздің өзі гректің «Электрон» деген сөзінен шыққан.
2) «Электрленудің ашылуы туралы аңыз» оқып беру.
3) Бір-бірімен жанасқанда денелердің  өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.

Мысалдар:

 Электрлену, тек үйкегенде ғана емес, соққы кезінде, жарылыс кезінде де пайда болады.
Үйкелеу - денелердің жанасып, ажырасу процесі, жанасу ауданы ұлғайтылады, яғни денелердің электрлену ықтималдығы артады.
4) Шыны, эбонит таяқшалармен тәжірибелер жасап көрсету.
Электрлеуге әрқашан екі дене қатысады, екеуі де электрленеді.
Электрленгеннен кейін денелер бір - біріне тартылуы да, тебілуі де мүмкін, өздерің көрдіңдер.
Егерде бір - бірінен тебілсе олар аттас зарядталған, ал егерде бір - біріне тартылса әр аттас зарядталған деп есептеледі. Денелердің электрлік  өзара әрекеттесу қасиетін сипаттайтын физикалық шама электр заряды деп аталады.

Көрсетілетін тәжірибелер:

 

 


Денелердің зарядын анықтай алмаймыз.
Шартты түрде жібекке үйкелген шыны таяқша - ОҢ, ал жүнге үйкелген эбонит таяқша – ТЕРІС зарядталған деп келісілген.
Бұл жағдайда жібек те, жүн де электрленеді, бірақ қарама - қарсы зарядталады.
Эбонит - жүн, шыны - жібек сияқты жүйелерді оқшауланған жүйе деп, немесе тұйықталған жүйе деп атайды. Бұл жүйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады.
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады.
q1+ q 2 +... + q n = const.
Осы заң бойынша, егер дене оң зарядқа ие болса, онда екінші дене модульі бойынша өзара тең, бірақ теріс заряд алады.
Қалыпты жағдайда денеде оң және теріс зарядтары бірдей мөлшерде болады да, қосындысы нольге тең болғандықтан зардталмаған деп айтамыз.
III. Қортындылау.
1) «Электр» сөзі қайдан шыққан?
2) Электрлеуге неше дене қатысады?
3) Дененің электрленгендігін қайдан білеміз?
4) Зарядтың неше тегі бар?
5) Олар бір – бірімен қалай әсерлеседі??
IV.  Есептер жинағынан есептер шығарту. №380, 381, 385, 395, 397.
V. Үйге тапсырма: §28, 29. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.  №5 –эксперименттік тапсырма.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 489.26 Kb
Количество скачиваний: 43
Просмотров: 176

Похожие материалы