Денсаулық - өмір негізі (тәрбие сағаты)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Денсаулық – өмір негізі.    
Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға  тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, денсаулық туралы кітапшалар көрмесі.

І. Ұйымдастыру барысы

ІІ.Кіріспе
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: (Денсаулық.)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.97 Kb
Количество скачиваний: 86
Просмотров: 380

Похожие материалы