Здесь была ссылка на работу »Әдепті бала арлы бала» тәрбие сағаты автора Тюлебаева Акмарал Хожаназаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Әдепті бала арлы бала» Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Шар, плакаттарға жазылған сөздер, қоржын, карта (сурет) , суреттер. Барысы: Психологиялық дайындық. Әдептілік әлеміне саяхат Бір күні Алпамыс, Махаббат екеуі Ботақанды туған күнімен құттықтауға іздеп шықты. Алайда достар ботаны үйінен емес, ауыл үстіндегі төбе іргесінен тапты. Ботақанның әлдебір ойға қатты шалғаны сондай , достарының келгенін аңғармай қалды. Алпамыс. - Не істеп отырсың? – деп сұрады одан Алпамыс. Бота. - Бір ойға батып отырғаным, - деп жауап берді. - Менің әжем ше, Үлкен Інгенді айтам. Сол әжем маған атамның көне қоржының сыйлады. Алыс сапарларға арналған жол сөмкесін. Бұл қоржын біздің тұқымда ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келеді. Осының ішінен не тапқанымды қараңдаршы: бір уыс жусан, мөлдір таза су, қалтаға салынған құм, бейнеленген сурет. Махаббат: - Бір бас жақсы-ау, ал үшеу одан да тамаша! - Иә, күрделі мәселе! Бәлкім, әжей саған жусанды мынаңдай ниетпен, айталық жүйрік болсын деп сыйлаған шығар! Ал мына су сенің жан дүниеңді әрдайым бұлақ сияқты таза болсын дегені. Калтадағы құмның мәнісі: осында құмның қанша қиыршығы болса, жер бетінде сенің сонша досың болсын деген. Бота: - Ал онда сурет не үшін керек? Алпамыс: - Мынау жәй ғана сурет емес! - Мұнау карта ғой Махаббат: - Дұрыс! Бұл сурет кәдімгі картаға өте ұқсайды. Тек ол қай елді бейнеленген десеңші? Осыны қалай білсек екен? Бота: - Әрине, бұл біздің мектептегі әдептілік әлемі. Оқушы: - Қош келдіңдер, Әдептілік әлеміне! Әр аялдамадағы тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ, әр аялдамада сыйлық ретінде қоржындарына әдеп сөздері сыйлыққа беріледі екен. Ендеше сол тапсырмаларды бір кісідей орындайық. Амандасу жайлы не білесіңдер? 1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады. 2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да сәлем беру. 3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді. 3. Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады. Көршілерді көргенде Сыйлап сәлем беремін Әдепсіз деп сөкпесін Анама айтып өкпесін. Сынып аялдамасы. (қоржынға «Сәлеметсіз бе!» деген сөз салынады Кітапхана аялдамасы. Бала: Сәлеметсіз бе, апай. Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме,балалар! Сендер маған ертегіден көрніс көрсетіңдер. Көрініс : «Аулақ бол жаман әдеттен». Музафар Әлімбаев. 1.Қаншама рет ескертті Аю Қоянға: - Бүйіріңді таянба! 2.Балта ұқтырды Араға: Балта: - Сақта сөзімді есте Өсіп тұрған далада Жалғыз ағашты кеспе! 1. Қошқар айтты Қошақанға бүгін де: - Үйді айнала жүгірме! 2. Ұқтырды ешкі лаққа: - Жөнін білмей лақпа; Таңдайыңды қақпа! 1. Бұзауға бұқа ұрысты, Ұрысқаны дұрыс-ты! Бұқа: Иығыңды бас па, тас па Отты шашпа, күлді баспа! 2. Жайылып жүрген жотада Ескертті Бура Ботаға: Түйе: Үлгілі сөзді ұмытпа, Түкіре көрме құдыққа! Тақтадағы суреттер жайында түсіндіріп беріңдер. Қоржынға «Рахмет » деген сөз салынды . Асхана аялдамасы: 1. Тамақтану алдында және соңында қол жуылады. 2. Тамақты әркім өз алдынан жеу керек. 3. Дастарқанға алдымен нан қойылады. 4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 5. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деген жөн. 6. Тамақтану соңында ас қайырылып , бата беріледі. Ботаның қоржынына «Ас дәмді болсын!» деген әдеп сөздері салынды . Музыка кабинеті аялдамасы Енді өнерлерінді көрсетіңдер Ән : «Бала тілегі» Бала тiлегi Мен әдепті баламын Ән: «Әдептілік» Әдептілік Әліппесі ән;Болайықшы осындай Қоржынға «Кешіріңіз ! Мархабат !» деген сөздер салынды. Бота:- Әже, мен бүгін достарыммен бірге Әдептілік әлеміне барып келдім. Қоржыным толған әдеп сөздер, әдеп сөздерді біледі екен! - Сәлеметсізбе! - Рақмет! - Ас дәмді болсын! Кешіріңіз! Мархабат! Қорытыңды : Оқушылар мақал-мәтелдер айтады 1.Бала тәрбиесі бесіктен 2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала. 3.Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе. 4.Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең. 1. Жақсылық еккен алғыс орады. 2. Үлкенді сен сыйласан кіші сені сыйлайды. 1.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық. 2.Адам әдебімен көрікті 3.Әдеп басы- тіл 4.Әдепті дегенше, әдемі десейші. Оқушыларға «Әдепті сөз» мәтінін күй табақтан тыңдату. «Сиқырлы сөздер» слайдын көрсету