Әдептілік - әдемілік
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Смагулова Рая Торегалиевна
|
Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт- дәстүрін
үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуды түсіндіру.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Сыпайылыққа, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, тақпақтар, ойындар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Кіріспе.
-Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы « Әдептілік -әдемілік» деп аталады.
-Олай болса, әдептілік деген не?
-Әдептілік неден басталады?( сәлемдесуден)
Оқушы: «Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
-Сәлеметсіз бе, ағай! – деп
-Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей! – деп
- Амансыз ба, атай!- деп
-Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
-Қазір балалар, сәлемдесу рәсімін көрсетіп жіберейік.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 11 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |