Әдептілік-әдемілік

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
 Сабақтың тақырыбы:  Менің анам      Сабақтың мақсаты: ақын өлеңіндегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау; музыка пәнімен байланыстыру Сабақтың міндеттері: а) білімділік:  «Менің анам» өленінің мазмұнын түсіндіру. ә) дамытушылық: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пікірлерін қолдану ниетін байқату, тақырыпты музыкамен байланыстыруға жағдай тұғызу. б) тәрбиелік: анаға деген сүйіспеншілік , қамқорлық сезімін ояту. Сабақтың түрі: аралас кіріктірілген Сабақтың әдісі: баяндау, тыңдау, оқыту, сұрақ – жауап,әңгімелесу. Көрнекілігі: Сағи Жиенбаев, Ш.Қалдаяқов портреттері,Ә. Қастеев  музыкалық аспаптардың суреттері, даналы сөздер, үнтаспа, әндер жинағының дискісі Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (жәй сөзсіз әуен ойналып тұрады) Психологиялық дайындық: Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз. Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз білім алу Міндетіміз – еңбектену. Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу. -          Балалар, бүгін сабағымыз музыкамен байланысып ерекше өтеді. Бүгінгі сабақ барысында музыка бізбен бірге болады. Сабағымызды ерекше жыл мезгіліне арнаймыз. Асыға күткен  қай мезгіл? 1- слайд (көктем суреті) -          Көктем -          Ол туралы біз не білеміз? (Асоциация құру)                     күн жылынады                   қар ериді            құстар ұшып келеді                  мереке                                          Көктем                           бәйшешек                     бүршік жарады                       көк  шығады                        жаңбыр жауады   -          Балалар,  көктем туралы қандай өлеңмен таныстық? -          Қуандық  Шаңғытбаевтың «Көктем» өлеңі. -          Қазір  өлеңді үздік жатқа айту сайысын өткіземіз. (3 оқушы жатқа айтады, оқушылар шапалақтау арқылы жеңімпазды анықтайды. Жеңген оқушыға күн макетін сыйлаймын) -          Мына күн  сабақ бойы  шуағын шашып тұрады. -          Көктем туралы көптеген шығармалар, өлеңдер, әңгімелер, ертегілер жазылған. Суретшілердің де көктем туралы туындылары бар. 2-слайд (Ә.Қастеев «Көктемгі шуақ» туындысы) -          Ал, композиторлар әдемі әуендер жазған. Ол туралы бізге Лиза Қуантайқызы айтады. -          Балалар,  көктем туралы қандай музыкалық шығарма білеміз -          Көктем -          Көктем  шығармасын кім жазды? -          Ахмет  Жұбанов 3-слайд (Ахмет Жұбанов суреті) -           Ахмет  Жұбанов  кім? -          Ахмет  Қуанұлы Жұбанов  — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі , өнертану ғылымының докторы, профессор , академик. -           Балалар осы  көктем мезгілінде атап өтілетін  қандай мерекелерді білесіңдер? -          8 наурыз аналар мерекесі,  22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі, 1 сәуір халықаралық құстарды қорғау күні, 1 мамыр ынтымақ күні , 9 мамыр жеңіс күні -          Олай болса көктемнің ең бірінші мерекесі «Аналар мерекесі». Ана деген қасиетті сөзде қандай мағына жатыр? 4-слайд (Оқушылардың анасымен түскен суреттері) -          Ал, қазір ана сөзіне синквейн құрастырайық. Синквейн 1.Зат есім Ана 2. Сын есім Әдемі, мейірімді, нәзік 3.Етістік Қорғайды, әлпештейді, сүйеді 4. Сөйлем Ана әлемдегі ең нәзік жан 5. Зат есім Әйел -  Ана туралы шексіз айтуға болады. Қазір әдемі әуен тыңдайық.  (Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» өлеңі тыңдату.) - Бұл әуен сізге таныс па? - Иә,  Ш. Қалдаяқовтың  «Ана туралы жыры» 5-слайд (Шәмші Қалдаяқов суреті) -           Балалар бұл өлеңнің әуені қандай? -           Нәзік, жәй, көңілді, әсерлі. Сергіту сәті (Әуен ойналады, балалар қимыл жасайды) -          Балалар, әдебиеттік оқу пәнінен  Сағи Жиенбаевтың «Менің анам» өлеңімен танысуды жалғастырамыз. 6-слайд (Сағи Жиенбаев суреті)                                                     1934ж. 15 мамырда дүниеге келген                                                     Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,                                                     Оймауыт ауылы                                                    1955 ж. Қызылорда қаласындағы                                                    педагогикалық институтты                                               Жезқазғанда мұғалім болып жұмыс жасаған                                              «Әлия», «Бозторғай», «Жарық жұлдыздар»,                                                 Қошақан», «Бұзауқан», «Ұшып келем».                                                            Мектеп оқулықтарына енген шығармалары   7-слайд (Оқушылардың анасымен түскен суреттері)   Оқулықпен жұмыс: Мұғалім әуенмен оқиды, оқушылар көздерін жұмып тыңдап отырады. 1)      Өлең кім туралы? 2)      Қандай сезіммен оқыдық? 3)      Нені көз алдарыңызға елестетіңіздер? 4)      Ана турал мақал-мәтел білесіздер ме? 5)      Қай мақал өлеңге сай келеді? (2 оқушы мазмұнын түсіндіреді) -          Біз сабағымызды жалғастырамыз. Қазір бізде музыкалық разминка Олай болса біз бүгін Бота Бейсенованың «Анашым» әнін үйренеміз. 8-слайд (Бота Бисенова) 1.Әнді тыңдату 2.Дауыс жаттығуы 3.Әнді айтқызу (класс, қатар – қатармен айтқызу) - Балалар, біз бүгін ана туралы көп айтық. Рефлексия: -          Бүгін сабақта... -          Мен білдім... -          Мен еске түсірдім... -          Мен қайталадым... Сабақты қорытындылау. -          Не білдіңіздер? -          Не үйрендіңіздер? Бағалау. Үй тапсырмасы: С.Жиенбаев «Менің анам» мәнірлеп оқу. «Анашым» өлеңін жаттау. Қонақтарға базарлық тарату.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.55 Mb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 224

Похожие материалы