Дүниетану 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жарық және жылу керек

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:   Өсімдікке ауа, жарық және жылу керек

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өсімдіктер, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін тереңдету; логикалық ойлауларын, байқампаздықтарын дамыту; әсімдіктер әлеміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Өтілетін әдіс-тәсілі:  Сұрақ-жауап,  жаттықтыру, топтық жұмыс

Көрнекілік: Дидактикалық материалдар. Интерактивті тақта.

Қолданылатын стратегия:   Ой топтастыру,    миға шабуыл.

Пәнаралық байланыс:  биология

     Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Топқа бөлу.

Әңгіме жүргізу.

- Өсімдіктің жақсы өсуі үшін не керек? (Оқушы жауаптары тыңдалады. Қорытынды жасалады).

Үй тапсырмасын тексеру. Тест

1. Өсімдік қандай ағза?

а/ тірі              б/ өлі

2. Су,ауа,топырақ және күннің жылуы қандай табиғатқа жатады?

а/ тірі              б/өлі

3. Сусыз адам және өсімдік өмір сүре ала ма?

а/ иә                б/жоқ

4. Шірінді топыраққа пайдалы ма?

а/ иә                б/жоқ

5. Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?

а/ ауа,жарық            б/ су,топырақ

 

Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

а) Мәтінді оқу.

ә) Мәтіннің мазмұны бойынша тәжірибе жүргізу. Оқушылар гүл отырғызады

     б) Мәтіннен негізгі ойды белгілеп, сұрақтарға жауап береді.

 

Пікірталас ұйымдастыру.

·        Адам өсімдіксіз өмір сүре ала ма?

·        Егер Жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді?

·        Топырақты не үшін қопсытады,суарады?

Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар

Топпен жұмыс. Оқушылар СМС ойынын ойнайды:

·        1 топ- Адам өміріне не қажет? 
2 топ- Өсімдікке не қажет?
3 топ- Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
4 топ- Өсімдікті қорғау үшін не істеу керек?

Дәптермен жұмыс жасау

Ағаштың төрт мезгілде қандай болатынын  бейнелеу

Қорытынды жасау (адам мен өсімдік бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды).

Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқып келу.

    

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 70.5 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 152

Похожие материалы