Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сезім мүшелері Сабақтың мақсаты: 1. Сезім мүшелерін адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
2. « Сезім мүшелері» арқылы заттарды таныта отырып, ой - өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: 1. Сезім мүшелерінің суреттері.
2. Үнтаспаға жазылған құстардың, жануарлардың табиғат құбылыстарының дыбыстары мен дауыстары.
3. Жұмбақтар.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Қызығушылықтарын ояту.
ә) Сәттілік тілеу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені біз сендермен сезім мүшелері туралы қызықты мәліметтер аламыз.
Суретпен жұмыс:
1) Біз қалай бақылаймыз?
2) Өлі және тірі табиғат.
3) Өсімдіктер әлемі.
4) Жануарлар әлемі.
5) Табиғат құбылыстары.
II. Жаңа сабақ.
- Кәне, зейін қойып тыңдайық.
- Әрине, сезім мүшелері.
- Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.
Интерактивті тақтамен жұмыс. (Тақтада сезім мүшелерінің суреттерін жеке - жеке шығара отырып, түсіндіру)
Мынау – көз.
- Көз не үшін керек? -…
- Көз – көру мүшесі. Адам затты көзбен көріп заттың түрін - түсін, көлемін, пішінін, неден жасалғанын ажырата алады. Мысалы, Раушан гүлін алайық. 1) Көз арқылы нені анықтай аласың? Мысал келтір. (Түрін, түсін, көлемін, неден жасалғанын).
2) « Көз – адамның айнасы» деп неге айтады?
Мынау – құлақ.
- Құлақпен нелерді естиміз? (Дыбыс, дауыс).
- Қоршаған орта сан алуан дыбыстарға толы. Сендер дыбыстарды есту арқылы ажырата аласыңдар.
1. Құлақ арқылы нені білесің? Мысал келтір.?
3. Көрмей - ақ, дыбысы, даусы арқылы жануарларды ажыратып, анықтауға бола ма?
Мұрын. Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынмен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. (Мұрындарын қолмен ұстап, дем алдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату, иіссу, гүл, жеміс, жусан иістерін ажыраттырту).
Тіл. Тіл туралы не білеміз?
- Тіл арқылы адамдар бір - бірімен сөйлеседі. Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі. Алманың дәмін қалай білесің?..
Балалар, сезім мүшелері күтімді қажет етеді. Оларды мезгілімен тазалап тұру керек. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау керек.
Мұндай сезім мүшелері жануарларда бар ма?
Бірақ олар мүлдем бір - біріне ұқсамайды.
Сергіту сәті.
Мен сендерге « сезім мүшелері» туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кәне, шешіп көрейік.
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).
Күмбір - күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ).
Денесі жұмсақ сүйрік. (Тіл).
Бунақты көсеу,
Тармағы бесеу. (Қол мен саусақ)
III. Білімді пысықтау.
Суретпен жұмыс.
Раушан гүлінің тікенді екенін қалай білдің?
- Жұпар иісті екенін ше?
- Ол әдемі ме? Оны қайдан білдің?
- Затты көріп анықтайтын қай сезім мүшесі?
- Алманың тәтті екенін қайдан білдің?
- Айранның қышқылын ше?
2. Дыбыстар сендерге қандай әсер етеді – «Қоршаған ортаны» танып, бақылау үшін қандай болу керек? (Байқағыш болу керек).
- Қоршаған ортадағы заттар қалай аталады? (Табиғат).
- Бақылау арқылы нені білуге болады? (Ауа райын, өсімдіктерді).
- Бақылау үшін не көмектеседі? (Сезім мүшелері).
IV. Бекіту
- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Сендерді нелер қызықтырды?
- Олай болса, үйден адамдардың сезім мүшелері туралы әңгімелеп келіңдер