Дүниетану пәні "Табиғаттағы су" (3 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Табиғаттағы су»

Сабақтың мақсаты:

  • Судың қасиеттерін еске түсіру арқылы табиғаттағы су және олардың түрлері туралы ұғым қалыптастыру, өзеннің жалпы сызбасымен таныстыру, судың өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың өмірінде атқаратын рөлі мен маңызы жөнінде түсініктерін жүйелеу, суды қорғау туралы білімдерін нығайту.
  1. Пәнге деген қызығушылығын арттыру; ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
  2. Адамгершілікке, табиғатты қорғауға, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: физикалық карта, сызбалар, кестелер, слайд, жұмбақтар

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой жинақтау, ой қорыту, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- сабаққа дайындық

ІІ. Психологиялық дайындық.

Алдымыздан кездескен ,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Тест «Ауа»
  • Тексеру, қорыту
  • Топқа бөлу / бастау, арна, саға, сала/
  • Ребус шешу /оқушылар сабақтың тақырыбын табады/
  • Не білдім ?
  • Мен үшін жаңа.
  • Бармақпен бағалау
  • Стикер арқылы кері байланыс
  • 51-53 бет оқу, әңгімелеу.
  • Ауаның қасиеттерін анықта:

а) иісі бар, көзге көрінеді

ә) түссіз, иісі жоқ, көзге көрінбейді, пішіні жоқ

б) пішіні бар, түссіз, иісі бар

2. Көкжиек тұстарын қандай құрал арқылы анықтайды?

а) термометр

ә) тұсбағар

б) желбағар

3. Жер бетіндегі ауаның қозғалысын не деп атайды ?

а) жауын-шашын

ә) бағыт

б) жел

4. Өте қатты желді не деп атайды ?

а) дауыл

ә) сел

б) құйын

5. Желдің күші мен бағытын қандай құрал арқылы өлшейді ?

а) тұсбағар

ә) желбағар

б) термометр

ІV. Жаңа сабақ дайындық

Ребус

,, би ҆ ҆ т ,, ҅ “

“Сусыз – тіршілік жоқ”

  • Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе адам өледі.
  • Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.
  • Қарбыз бен қиярдың 90% судан тұрады.

Сусыз адам 1 апта ғана шыдайды.Адам денесінің 65% судан тұрады

- Иа балалар дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Табиғаттағы су »!

- Балалар, біздің бүгінгі өтетін сабағымы күндегіден ерекше өтеді.

- Кәне кім айтады, «су» дегенде ойларыңа нелер келеді? /оқушы жауаптары – өзен, көл, теңіз, арықтағы су, мухиттар , жаңбыр, құдық , шомылу тоғандары, бұлақ/

- Жер бетінің 4/3 бөлігін су алып жатыр. /карта/ Өзен, көл, теңіз, арықтағы су, мухиттар бұл табиғи су қоймалары. Су тіршілік көзі. Сендермен 2 сыныпта су тақырыбы туралы оқып білгенсіңдер. Қазір сендер естеріңе түсіріп «иа,жоқ» кестесін толтырасыңдар.

-«Иа,жоқ» кестесін толтыру

V. Жаңа сабақ

Әр топтың атауы бойынша түсініктеме беру.

бастау - өзен қайнар көзінен \бастаудан\ басталады. Бұл өзеннің шығатын жері.Ол жер астынан шығып жатқан бұлақ, батпақ немесе таудағы мұздық болуы мүмкін.

арна - Өзен ағысының бағытымен жүзсе, онда оң жағы оң жағалау, сол жағы сол жағалау болады. Өзен ағып жатқан жер оның арнасы деп аталады.

сала - өзен жолында оған өзендер келіп құяды, олар салалары болып есептеледі.

топ – саға - өзеннің басқа су қоймаларына келіп құятын жерін сағасы деп атайды.

VІІ. Дәптермен жұмыс:

  • Судың қасиетін еске түсіру

Бу

СУ

Мұз

Сұйық


VІІІ.Оқулықпен жұмыс.

  • Тізбектей оқушыларға оқыту
  • Кесте /толықтырып жазу /оқыту

Жерасты сулары – бұл жердің терең бос қабаттарында және жарықтарында кездесетін сулар. Жер астындағы судың бәрі жол тауып шыға бермейді, мұндай жағдайда құдық қазады. Құдықтың тереңдігі әртүрлі болады:2м,4м,8м.арнайы машинамен бұрғылап құбыр қойылып, су сыртқа шығады. Бұл артезиян құдығы деп аталады.

VІІ. Сергіту сәті: «Мөлдір бұлақ»

Шығармашылық жұмыс

1 топ – «Суың пайдасы»

2 топ – «Суды қорғау» ережесін құру

3 топ – «Тыйым сөздер, мақал-мәтел»

4 топ – «Сөзжұмбақ» шешу

ІХ. Қорыту

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде, өмір жоқ ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Х.Бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма 7 слайд

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 159.54 Kb
Количество скачиваний: 61
Просмотров: 187

Похожие материалы