Дүниетану пәнінен "Құстар" тақырыбындағы ашық сабақ 1 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Күні:

Дүниетану 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстар

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.

2.      Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту

3.      Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:кіріктірілген жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ–жауап, әңгімелеу, жұмбақтар шешу, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: 

1.     Сабаққа байланысты слайдтар.

2.     Үнтаспа (құстардың дыбысы).

3.      Еңбек құралдары (ақ парақтар, ермексаз).

4.      Бағытпарағы. (көңіл-күй смайликтері)

5.     Дүниетану оқулығы  (Алматыкітап баспасы, 2012)

6.     Қызыл кітап

7.      Орталықтар тапсырмалары жазылған  парақтар

Технология: ‘’Step be step’’

 

Сабақтың жоспары:

• Ұйымдастыру кезең -3 мин. (психологиялық кезең)

·        Қызығушылықтарын ояту – 3 мин

• Орталықтардағы жұмыстар – 28 мин.

• Қорытынды-11 мин.

 

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем беріп құрметпен

Сіздерге біз

2.  Қызықушылықтарын ояту

-         Балалар, мен сендерге бірнеше дыбыстарды естіртемін.

-         Бұл ненін дыбысы?

-         Әтеш. Қарға, үкі, тоқылдақ

-         Жақсы, жарайсыңдар.

3.  Сабақ мақсатын хабарлау

-         Бүгінгі сабақтың тақырыбы сонда қандай? «Құстар»

-         Сабаққа қандай мақсат қоямыз?

-         Біз олардың тіршілігімен, түрлерімен, ерекшеліктермен танысамыз

-         Біз 4 орталық бойынша жұмыс істейміз.

Жұмыс істейтін орталықтар:

1.     Дүниетану орталығы  

2. Ізденіс орталығы (энциклопедия)

3.  Ізденіс орталық

4. Өнер орталығы (еңбекке баулу)

 

Ереже

1.Дүниетану  орталығы

Оқулықтағы 64-65 беттіндегі «Құстар» мәтінін түсініп оқу. Кестені толтыр:

а) Құстардың барлығына тән белгілерді ата

ә) Құстардың қандай түрлерін білесіңдер

б) Құстардың қандай пайдасы бар?

2.     Ізденіс орталығы

Энциклопедиядағы  беттегі Қызыл кітапқа енген құстардың аттарын  жазып. және алған мәліметті ауызша айту.  

3.     Ізденіс орталығы

Құстардың қандай пайдасы бар? сұрағына меңзер арқылы жазу.

4.Өнер орталығы

Өткен сабақтарда ата-аналармен бірге жасаған жемсауыт ішіне құстар бейнесін ермексаздан жасау


 Рефлексия бөлімі:

-         Құстың түрлерін ата?

-         Құстың қандай пайдасы бар?

-         Қыстайтын құстарға қандай құстар жатады?

-         Жыл құстарын ата?

Құстарды қалай қорғау керек?

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 928.62 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 164

Похожие материалы