Дүниетану пәнінен тест тапсырмалары/2-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Тесты
Автор:

Дүниетану  2- сынып

Тест №1

1.  Адам өміріне не қажет?
     А.  Доп,ән,киім.
     Ә.  Ауа,су,тамақ.
     Б.   Кітап,велосипед
2.  Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?
     А.  Комбайншы
     Ә.  Наубайшы
     Б.   Диқаншы.
3.  Көкжиек дегеніміз не?
     А.  Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.
     Ә.  Аспан мен жердің астасқан жері.
     Б.   Көзің жететін жерге дейін қарау.
4.  Тұсбағар деген не?
     А.  Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.
     Ә.  Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
     Б.  Дәрігер құралы.
5.  Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
     А.  Сұлба.
     Ә.  Масштаб.
     Б.   Сурет.

6.  Сұлба дегеніміз не?
     А.  Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
     Ә.  Бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
     Б.   Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.
7.  Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?
     А.  Сурет
     Ә.  Сұлба
     Б.   Масштаб.
8.  Ауаның негізгі қасиеттерін белгіле.
     А.  Түссіз,дәмсіз,көзге көрінбейді.
     Ә.  Түссіз,дәмді,иісі бар.
     Б.  Дәмсіз,көзге көрінеді,иісі жоқ.
9.  Судың қасиеттерін ата.
     А.  Ақ,мөлдір,иісі бар.
     Ә.  Сұйық,иіссіз,мөлдір.
     Б.   Көзге көрінбейді,ақ,мөлдір.
10. Топырақтың құрамын ата.
    А.  Ауа,су,шірінді.
    Ә.  Жапырақ,саз,тамақ.
    Б.   Құм,шыны,ағаш.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.29 Kb
Количество скачиваний: 90
Просмотров: 360

Похожие материалы