Дүниетану Тақырыбы: Жауын- шашын. Суды қорғау. 3- сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Koishbaeva Hadisha Ongarovna
|
Күні
16.18.12..2014 жыл
Сабақтың тақырыбы
Жауын-шашын. Суды қорғау
Сілтемелер
Дүниетану оқулығы Атамұра-2014жыл, АКТ, суреттер, кестелер Авторлары: К. Жүнісқызы, Ә. Бірмағамбетов, Н. Жапанбаева
Жалпы мақсаты
Жауын-шашынның пайда болуы және тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік беру.
Міндеті
1)Жауын-шашынның бірнеше түрлерін салыстырып, оның қалай қалыптасатындығына жорамал жасау.
2)Жауын-шашынның ауа температурасын тәуелділігін анықтау.
3)Мәтіндегі жұмбақтармен өз білімдерінің сәйкестілігін тексеру.
4)Ауыз су ресурстарын және көздерін атап шығу.
5)Суды қорғаудың қажеттілігін анықтау.
6)Топ арасында суды қорғаудың эмблемасын жасайды.
Оқыту нәтижелері
Судың үш күйі және оның жер бетіне таралуы, жер беті, жер асты сулары жайында түсінікберілді.Өз ойын тақырып бойынша айта білуге үйренді.
Тапсырмалар
Сабақтың жүру барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
2минут
2минут
4минут
5минут
5минут
5минут
2минут
5минут
1минут
І. Ұйымдастыру кезеңі: АмандасуСабаққа дайындық.Сынып оқушыларын төрт топқа бөлемін.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2.Бақылау күнделігімен жұмыс жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру. Сынппен әңгімелесу барысында оқушылардың өткен материалды қалай түсінгендігін анықтау.Өз күшімен судың булануын және тұман мен бұлттың қалыптасуын түсіндіре ала ма.Тәулік ішіндегі буланудың өзгеру себебі(оқушылардың ойын тыңдату).
4.Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.
«МИды ойландыру». Сендер білесіңдер ме, не үшін бір күні жаңбыр жауса, екінші күні қар жауады? Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? Бақылау, қорытынды жасау.
Жұмбақты шешіңдер.
Жалт-жұлт етеді, Ұстасаң еріп кетеді.(Қар)
Жерге тырс-тырс тамады, Сайға қарай ағады. Шешуін кім табады.(Жаңбыр)
Аспаннан әлек салып, Тарыдай шашылады. Күн шықса қорқып қалып, Жылғаға асығады.(Бұршақ)
5.Жаңа материалмен жұмыс жасау. Тақырыпты хабарлау және мақсатын түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
1)Сен қалай ойлайсың, жер бетіндегі ауыз су жеткілікті ме?
2)Суреттерге назар аудару. Суды ластайтын көздерді анықтау. Судың ластануы туралы әңгімелесу.
3)Суды қорғау белгілерімен танысу.Тісті тазалау туралы практикалық жұмыс.Тісті тазалағанның өзінде суды үнемдеуге болатындығына көңіл бөл. Суды үнемдеу жолдары туралы әңгімелесу.
1)Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау.
Оқу барысында кестені құрастыру.
Жауын-шашынның түрі
Құрамы
Мерзімі
2)Суретке қарап, өлеңмен сәйкестігін анықтау. Судың айналымға түсуін түсіндіру.
6.Ой-қиял.Топпен жұмыс.Тапсырма. Оқып шығып жұмбақты шешу.(Әр топқа 1жұмбақ)жауабының суретін сал.
3-4минут уақыт беріледі. Шешімін суретпен көрсету.Сурет салу, таныстыру.
7.Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. 1-сурет жауын-шашынның түрлері.
Амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сынып оқушыларын төрт топқа бөлемін.
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.93 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |