Доклад на казахском языке "Эффективные обучения по казахской литературе"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Тумарбекова Назгуль Елюбаевна
|
Баяндама тақырыбы
«Қазақ әдебиетін оқытудың тиімді тәсілдері»
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов
Оқыту дегеніміз - өнер. Өнер болғанда күрделі, нәзік, көп қырлы және өзіндік ерекшелігі бар өнер, өйткені бұған екі адам – мұғалім мен оқушы қатысады. Оқыту нәтижелері оқушының білім сапасынан, даму дәрежесінен көрінеді.
Қазіргі сабақ – тұлғалық дамыта білім беру идеясын жүзеге асыру. Тұлғалық дамыта оқытуды жүзеге асыру бірқатар инновациялық түрлендіру енгізуді қажет етеді. Оқушылар белсенділігінің өзіндік құнды формаларын дамыту үшін пәндік жағдайлар жасап, өздігінен жаңалық ашуға, жаңа тәжірибе жинақтауға және оқушылардың өзіндік құнды белсенділігін қолдайтын коммуникативтік жағдайлар жасау мүмкіндігін беретін дамытушы тапсырмаларды құру қолданылады.
Сонымен , сабақты жобалау үшін әдіс, тәсіл, операция және құралдарды таңдап алу қажет.
Ең бастысы мақсатты анықтау. Сабақтың мақсаты қысқа әрі нұсқа, түсінікті, қол жеткізе аларлықтай, яғни орындай алатындай және өлшеулі болу керек. Бүгінгі күні тұлға белсенділігін дамыту – басты мәселе. Сондықтан мақсат қойғанда келесі сұрақты естен шығармаған жөн. Мақсат орындалған жағдайда ол білім алушыға, қоғамға, табиғатқа не береді?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 53.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |