Доклад на тему Тіл сабақтарында иновациялық технологиялардың тиімділігі

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды» дейді  халқымыз.  Ұрпақ  жалғастығымен  адамзат  баласы   мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз – оқу. «Надан   жұрттың  күні – қараң,  келешегі-тұман»  деп М. Дулатов  айтқанындай,  егеменді  еліміздің  тірегі – білімді  ұрпақ.  Сусыз  құрғақ,  таса,  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты  жас  ұрпағымызды  тәрбиелемесек   өспейді,  өнбейді.  Сондықтан  өз  ұрпағының  өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш, абзал  азамат  болып  өсуі  үшін  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  жүргізу - әрбір  ұстаздың  міндеті.  Осы  орайда  елбасы  Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер – бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға жүктелетін  міндет  ауыр»  дегені  бар.  Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  білгірі  болу  емес,  жаңалыққа   жаны  құмар,  оқытудың  жаңа  технологияларын  шебер  меңгерген,  білімі  мен  білігі  жоғары  тұлға  болу,  ақпараттық сауаттылық  талап  етіледі.  

      ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.

        Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 86.5 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 107

Похожие материалы