Доклад на тему: Түлектерді жұмыспен қамтамасыздандырудағы кәсібтік тәжірибенің рөлі
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жетенова Айнур Сериковна
|
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕНІҢ РӨЛІ
Жетенова Айнұр Серікқызы
өндірістік оқыту шебері
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық
тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК
Еңбек нарығына мамандарды даярлауда оқу-өндістік жұмыстардың алатын орны ерекше. Себебі оқу процесі мен өндірістік оқытудың байланысы негізінде кәсіби білікті мамандар даярланады. Оқу процессін үздіксіз жүргізе отырып, өндірістік оқу сабақтарын қатар алып жүру үшін оқу орнының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Айта кетсек: мамандарды даярлауда ТКББ ұйымдарының әкімшілік-педагогикалық құрамының біліктілігі, материалдық техникалық базасының деңгейі, өндірістік зертханалардың мамандықтарға сай жабдықталуы, әлеуметтік серіктестермен келісім шарттар негізінде тәжірибеден өту, қоғамдық ұйымдармен жұмыс арқылы студенттердің мүмкіндіктерін жүзеге асыру.
Мамандарды даярлауда техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының әкімшілік-педагогикалық құрамының біліктілігі аса маңызды. Өйткені бүгінгі студент, ертеңгі түлектің таңдаған мамандығын толық игеріп шығуына жол ашатын тұлға - оқытушы. Сол себепті кез-келген оқу орнының педагогикалық ұжымы білікті, өз маманының шебері болса ертеңгі түлектен де үміт күтуге болады.
Технологиялық үдерістердің белең алуын ескерсек, материалдық техникалық базаның деңгейі заман талабына сай болуы қажет. Мамандар даярлауда оқытушылар мен студенттердің АКТ құзыреттілігінің қалыптастыру бағытын ұстану негізінде алға қойған мақсаттарға жол ашылады.
Қазіргі таңда, өндірістік зертханалардың мамандықтарға сай жабдықталуы төменгі сатыда. Тек, жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орындарының басым көпшілігінің өндірістік зертханалары нормативтік-актілерге сәйкес жабдықталған. Бұл жағдайдың білікті маман даярлауда жағымсыз факт екенін ескеретін болсақ, түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі де қиындайтыны сөзсіз. Осы орайдағы мәселенің шешімі-әлеуметтік серіктестер. Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.
Кез келген кәсіпорынның жас мамандарға (тәжірибесі жоқ) қояр талаптары бар. Білім алушы-болашақ маман бойында қандай қасиеттер болуы тиіс? Казіргі жасөспірімнің жеке сапаларының бірі-еңбекке деген көзқарасы, еңбек сүйгіштігі, алға ұмтылуы. Сонымен қатар, өз бетімен өндірістік мәселелерді шешу, шешім қабылдай білу қасиеті, машықтану кезінде өзін ұстауы, тілдесе білуі, сырт-келбеті маңызды роль атқарады. Тек, таңдаған мамандығы мен жас маманға қойылатын талаптарды меңгерген түлек өзінің жұмысқа деген икемділігі мен мүмкіндігін, жүктелген жауапкершілікті сезініп жұмысқа орналаса алады.
Бүгінгі күні біздің, білім беру ұйымдарының алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты колледждің кәсіби бағдар беру, шеберлікті шыңдау жолында атқарған жұмыстары түлектердің жұмыспен қаматылу бойынша нәтиже беруде.
Колледж түлектерін дайындауда тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде
жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің арасында байланыс орнатылған.
Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында жас мамандарды жұмыспен қамту және кәсіби маман дайындау мәселесіне басты назар аударған.
Техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс берушілермен бірлесе отырып, бәсекелестікке төтеп бере алатын, мамандарды дайындау үшін қос бағытты – дуалды білім беру жүйесінің берерері мол.
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуалды оқытуды енгізу үрдісінде мамандарды теориялық және тәжірибелік дайындаудағы білім беру орны мен өндірістің тығыз жауапкершілігі;
- оқу-өндірістік жұмыста әлеуметтік серіктестік қызметін жүзеге асыру;
- білім алу барысында студентті ынталандыру, болашақ маманның жаңа психологиясын қалыптастыру;
мамандар дайындауда оқу үрдісіне өндірістік тәжірибенің көп мөлшерін енгізу тәсілі арқылы түлектердің кәсіби әрекет етуін мейлінше жетілдіретін, оқушының тәжірибелік бағытын күшейту осы бағыттың негізгі идеясы болып табылады.
Мамандарды дайындауды дуалды оқыту бойыншаАстана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК, «Елорда Асханасы» ЖШС, Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасымен және Астана қ. Білім басқармасы арасында төрт жақты келісім шарт жасалды.
Заманауи технологияларды үйрену, жаңа жабдықтар мен техникаларды тәжірибеде оқып білу, заманауи кәсіпорындарды дамыту мақсатында студенттерге оқу тәжірибесін ұйымдастыру үшін, кәсіптік оқыту туралы Ереже негізінде студенттерін оқу тәжірибесіне «Елорда асханасына» жіберу туралы бұйрық шығарылды. Тәжірибеде оқушыларға өндірістік жағдайда кәсіби дағдыларды беру үшін жағдай жасалған.
Әрбір студентке тәлімгер тағайындалған. Кәсіпорын базасында факультативтік сабақтар өтеді. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар үшін дуалды оқыту сияқты жаңа технологияларды енгізу бойынша курстар қажет. Дуалды оқыту жүйесін бірге үйрену үшінкәсіпкерлер Палатасымен бірігіп халықаралық сарапшы Georg Maeding сарапшы Senior Exeperten Service Гмбх (SES), студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері үшін мастер-кластар ұйымдастырады.
Колледждің тұрақты әлеуметтік серіктестері мен әкімшілік, өндірістік оқыту шеберлерінің тығыз жұмысын ескеруге болады. Студенттерге өздері таңдаған мамандықтарын жан-жақты зерттеуге, үйренуге, машықтануға негізделген кәсіптік тәжірибенің күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай орындалуы, жұмыс орнымен толықтай қамтамасыздандырылуы (тәжірибедегі), шетелдік білікті мамандардың бастамасымен өндірістік жұмыстар орындауы бірден бір себеп. Өндірістік оқыту шеберлері - студенттерге кәсіптік тәжірибеге бағдар беріп қана қоймай, оның нәтижесі мен сапасын бақылап тұрады. Олар: өндірістік тәжірибе базасын тексеру, кәсіпорын тарапынан тәжірибе жетекшісінің студенттерге берген мінездемесі (жеке және толық құрамға), тәжірибеде өзін жақсы көрсете білген тәжірибеден өтушіге мадақтама (сыйақы тағайындау) және сертификаттар. Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. http://www.uzsp.astana.kz/index.php/ru/
2. http://egov.kz/wps/portal/index
3. Техникалық және кәсіптік білім ақпараттық-әдістемелік журнал, №4 2013.
4. Назарбаев Н.А. Стартегия развития РК до 2030года/ Н.А. Назарбаев. –алматы. Білім, 1997.
5. Камербаев А.Ю., Кашук Л.И. Для подготовки кадров новой формаций/ Журнал «Современное образование», №2(89) 2013.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.56 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |