«Достық көмек»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Оразалина Раиса Маратовна
|
"Описание материала:
Бірлік негізгі мектебі бойынша «Патриот» а йлығын өткізу барысында көптеген іс шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тыл ардагерлері өз бастарынан өткен қиын балалық шақтары туралы әңгімелер айтты. Тыл ардагерлеріне қамқорлық жасау ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар бойынша «Ұлы Жеңіс» күніне арналған суреттер салынып, жүлделі орын алған оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды. 1-орынды 4- сынып оқушысы Жатай Жанерке иеленсе, 2- орынға Амангелді Шырын ие болды. 3- орын Тұрар серіктің үлесіне тиді. 5-9 сыныптарда газеттер сайысы болды, ең үздік газет иесі 9- сыныптың үлесіне тиді. Әр сыныптар бойынша шахматтан сыныпаралық жарыстар болды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Итақаев Дулат патриоттық әндер сайысын ұйымдастырып, 9- сынып оқушысы Қожанбетова Заданы алға шыққаны үщін бағалы сыйлықпен марапаттады. 8-9 сынып оқушылары «Сен құрметте оны» тақырыбында шығарма жазды. «Сұңқар» әскери ойын байқауы 7-9 сыныптар аралығында өткізілді. Әр сынып жетекшілері ашық сынып сағаттарын өткізді. Мысалы, 9- сыныпта «Ерлік жыры- елдіктің ескерткіші», бастауыш сыныптарда «Қазақстандық батырлардың ерлігі», «Ерлік білекте емес, жүректе»,8-сыныпта «Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр Бауыржан», 7- сыныпта «Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ» тақырыптарында АСС өткізілсе, 5-6 сыныптар «Ер есімі –ел есінде!» атты интеллектуалды ойын өткізді.8- сынып жетекшісі Бейсенбаева Р.Ә «Әке даңқы үшін мақтанамын!» дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тарих пәні мұғалімі Қапарова М.О. «Сталинград шайқасы» Батырлық сабағын 9- сыныпта өткізді. «Патриот» айлығында жүргізілген іс шаралар жайындағы қорытынды жасалды. «Желбіре, Жеңіс жалауы!» салтанатты жиын өтті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 31.5 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |