Әдістеме бірлестігінің 2014-2015 оқу жылына арналған жоспары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жеңіс  негізгі  мектебінің  бастауыш  сыныптар

бойынша әдістемелік бірлестігінің

2014-2015 оқу жылына арналған

жұмыс жоспары

 

 

 

 

Әдістемелік бірлестігінің  жетекшісі:

Базарбаева Айгүл Оразалықызы

 

Әдістемелік бірлестігінің тақырыбы :

«Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу»

 

Бастауыш  сынып   бағытының әдістемелік бірлестігінің мақсаты:

«Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы саралап оқыту

 

принциптерін жүзеге асыру, ұлттық әдістерді дәріптей отырып,

 

ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу»

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестігі туралы ережелер

1.Негізгі ережелер:

1.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі-оқу-тәрбие үрдісін басқарудың мектепішілік жүйесінің құрылымдық бөлімшесі.

1.2.Әдістемелік бірлестік мүшелері-бастауыш сынып мұғалімдері

1.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіаталған оқу мекемесінің басқада пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігімен, қаладағы басқа да мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері бірлестіктерімен өзара қарым-қатынас жасайды.

2. Бастауыш  сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің міндеттері:

 

2.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру:

      Нормативтік құжаттармен танысу; заманауи педагогикалық технологияларды

     игеру;оқу пәндерінің оқытылу әдістемесін жетілдіру; педагогиканың және жеке

     тұлғаның  психологиялық аспектілерін зерделеу;

 

2.2.Оқушыларды әлеуметтендіру мен білім берудің бірегей негіздегі  әдістемелердің

      орындалуын қамтамасыз ету; әрбір білім баспалдағына өтудегі сабақтастықты есепке

      алу-мектепалды дайындықтан-орта буынға дейін.Білім беру мазмұнының деңгейі мен

 оқыту әдістемесі мен жас ерекшеліктеріне сай алынған технологияларды қолдана

отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бірегей қағидалары сақталған кезде сабақтастық

 қамтамасыз етіледі.

2.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрлерін әртүрлі

формаларын (топтық, жеке, өздік, жұптық) игерулері;

2.4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруын, өткізуін

және педагогикалық сараптама жасауын үйлестіру;

2.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және

      практикада қолдану;

2.6.Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің дамуына және

 тұрақтануына жәрдемдесу;

2.7.Аталған мектептің басқа да әдістемелік бірлестігімен өзара байланысты үйлестіру;

 

3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің функциясы:

3.1.Мұғалімдер мен оқушылардың ұжымдық жұмысын жоспарлау мен сараптауды

      ұйымдастыру;

3.2.Бастауыш сыныптардың оқу-тірбие үрдісін үйлестіру және педагогикалық үрдістегі

     барлық қызметкерлердің өзара іс-әрекетін ұйымдасттыру;

3.3.Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында оның педагогикалық фмаларын, әдіс-

     тәсілдерін, қағидаларын өңдеп, үздіксіз өзгерістер енгізіп отырады;

3.4.Оқу-тәрбие қызметінің әдіс-тәсілдерін, формаларын, қазіргі заманғы технологияларды

      игеру мен зерделеуді ұйымдастыру;

3.5.Оқу бағдарламаларын, жоспарларды, сабақ кестелерін талқылау;

3.6.Мектеп ұжымының озық іс-тәжірибесін және басқа мектеп ұжымының озық іс-

      тәжірибесін жүйелеу және жалпылау;

3.7. Әдістемелік бірлестік мүшелерін марапатқа ұсыныс білдіру; ұжым жұмысын бағалау;

3.8. Мұғалімдердің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;

 

5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісінің міндеттері:

5.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі жауап береді:

ØӘдістеме бірлестігінің қызметін дайындауға, жоспарлауға, өткізуге және сараптама жасауға;

ØБастауыш сынып мұғалімдерінің « әдістемелік  жинағын» толықтыруға;

ØӘдістемелік бірлестіктің жұмысы мен өткізілген іс-шаралар туралы  құжаттамаларды уақтылы дайындауға;

ØӘдістеме бірлестігінің отырыстарын өткізуге;

ØМұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге;(сабақтарға қатысу, квалификациясын көтеру, семинарларға қатысу, өз білімін көтеру тақырыбы бойынша жұмыс жүргізу)

ØӘдістеме бірлестігі мүшелерінің кәсіби  теориялық және практикалық деңгейлерін көтеруге;

ØӘдістеме бірлестігі мүшелерінің өз функционалды міндеттерін уақтылы орындауға;

ØСабаққа деген дайындықты жетілдіруге;

 

5.3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісі ұйымдастырады:

ØОқу-тәрбие үрдісіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдерінің өзара қарым-қатынас жасауларын;

ØАшық іс-шаралар, семинарлар, конференциялар, әдістеме бірлестігінің отырысын;

ØБастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және таратуды;

ØБастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмыстарыбойынша сұрақтарына кеңес беруді;

5.4.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі бастауыш сынып

      мұғалімдері өткізетін іс-шараларды жоспарлайды, ұйымдастырады және

      педагогикалық сараптама жасайды.

5.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі мектептегі оқу-

     тәрбие үрдісінің дамуына және тұрақтануына жәрдемдеседі.

Әдістемелік бірлестікте болатын құжаттар реттілігі:

Әдістемелік бірлестік жұмысы қалыпты болуы үшін келесі құжаттар реті болуы керек

1.Нормативтік құқықтық құжаттар:

*Әдістемелік бірлестік  құру туралы бұйрық;

* Әдістемелік бірлестік  жетекшісін тағайындау туралы бұйрық;

*Әдістемелік бірлестіктің жалпы ережесі;

* Әдістемелік бірлестіктің міндеттемелері мен жүктемелері

2. Әдістемелік жұмыс

* өткен оқу  жылының сарапатамасы;  *мақсаты;

*жаңа оқу  жылының бағыттары мен міндеттері;

*мұғалімдер туралы толық мәлімет;

·        Мұғалімнің аты- жөні;

·         Білімі , мамандығы,  

·        Қызметі,  Жалпы ж/е педагогикалық өтілімі,

·        Санаты, мадақтамалары,

·        Телефоны мекен-жайы;

¨      Жаңа оқу жылының жылдық жоспары. 

¨       Айлық,апталық , жылдық жоспары

¨      Дарынды балалар мен , үлгерімі төмен балалармен , үйде оқытылатын балармен жұмыс жоспары

¨      Жас маманмен жұмыс жоспары. 

¨       Пән апталықтарының жұмыс жоспары

¨      ӘБ мүшелерінің өз мамандығы бойынша қажеттілігі

¨      ӘБ тәжірибелі мұғалімінң жұмысын насихаттау

¨      Әбмүшелерінің өзіндік білімін көтеру тақырыбы жайлы мәлімет

¨      Аттестациядан өтуші мұғаліммен ағымдық жұмыс жоспары

¨      Сызбалар.

3. Бағдарламалар:

*авторлық бағдарламалар /ҚДИ-мен бекітілген/, үйірмелер мен факультативтер бағдарламалары.

*оқу жоспары туралы ақпарат, пәндердің оқу жылының әдістемелік-нұсақаулығы,

*тақырыптық календарлық жоспарлар.

 

4. Мектепішілік бақылау

*ақпараттық және аналитикалық анықтамалар,

*диагностикалар,

Әдістемелік бірлестік жетекшісінде мынадай құжаттар мен материалдар болуы керек;

Ø  Жылдық жоспар.

Ø  Отырыс хаттамалары.

Ø  ТЗЖ бағдарламалары.

Ø  Білім сапасы мен сабақтың жүргізілу жағдайының аналитикалық бақылау материалдары болуы керек.

-білім деңгейлері

-диагностика

 

¨      Оқу бағдарламаларының жиынтығы

¨      Мұғалімінң тақырыптық жоспарлары

¨      Мұғалімнің инновациялық жұмысының көлемі

¨      Сауалнамалар

¨      Сараптама сызбалары

 

vсабақтың  түрлері мен типтері

vталдау түрлері мен типтері

vжеке бағытталған сабақты талдау критерийлері

vсабақтың тәрбиелік бағытын талдау сызбасы

vпсихологиялық талдау

vдемократиялық көзқарспен талдау

vпедогогикалық-психологиялық сараптама

vталдауға арналған карточкалар

vтолық сараптама

 

§  ӘБжұмысының талдауы

§  Әдістемелік ақпараттық құралдары.

§  Нормативтік құжаттар.

Пән мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестігінің нұсқауы:

ӘБ жетекшісі ӘК мүшесі болуы керек;

Әдістемелік бірлестік:

·       оқу үрдісіне түйінді және қортынды талдау  жасайды;

оқу мен әдістемелік курстарының құрывһылымын міндетті түрде

әдістемелік жағынан қамту және мазмұнын өзгертуге байланысты ұсыныс енгізу;

·        оқушылардың оқу материалдарын меңгеруі , мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес оқытушы мен оқу бағдарламаларына енгізген нақты өзгерістердің алғашқы сараптамасын жүргізуі;

·        мұғалімдердің аттестациядан өтуін ұйымдастыруы мен мазмұнына ұсыныстар енгізу;

·        инновациялық іс-әрекетке мұғалімдерді тартып, ғылыми және зерттеу жұмыстарын талдап, түсінуге  ынталандыру ұсыныстар дайындап шешім қабылдап, әзірлемелер ұйымдастырады;

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 73.85 Kb
Количество скачиваний: 72
Просмотров: 227

Похожие материалы