Әдістемелік бірлестік апталығында өткізілген тарих пәнінен ашық сабақ
Предмет:
|
История
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна
|
Здесь была ссылка на работу Әдістемелік бірлестік апталығында өткізілген тарих пәнінен ашық сабақ автора Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Әдістемелік бірлестік апталығында өткізілген ашық сабақ. Қарағанды қаласы №18 ЖББОМ КММ Тарих пәні мұғалімі: Омарова Г.А. Сабақтың тақырыбы: Тас дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тас дәуірі бойынша алған білімдерін қайталау, нақтылай түсу, пысықтау; Дамытушылық: Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері табылған жерлерді картадан көрсете білуге жаттықтыру; Тәрбиелік: Туған жердің тас ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту, елжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: «Тас дәуірі» тірек-сызбасы, карталық парақшалар, суреттер, мониторинг сызылған кесте, оқу картасы. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, деңгейлік әдіс, тірек-сызба әдісі. Сабақ түрі: ішінара ізденіс енгізілген қайталау сабағы. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: а) оқушыларды сабаққа дайындау; б) сыныпты топқа бөлу; б) сабақтың өту барысын баяндау. ІІ. Кіріспе. «Тас дәуірі» тірек-сызбасын сипаттау арқылы сабақтың тақырыбын ашу: Тас дәуірі (2 млн. 500 мыңж. – 3 мыңж.) Палеолит Мезолит Неолит (б.з.б. 2 млн. (б.з.б. 12 мыңж. (б.з.б. 5 мыңж. – 3 мыңж.) 500 мыңж. – 12 мыңж.) – 5 мыңж.) Энеолит (Мыс-тас) б.з.б. 3000 – 2800 жж. ІІ. Әр топқа тапсырма беру: Тапсырмалар карталық парақшалар тарату арқылы жүзеге асады. Әр топтың топ басшылары өз тапсырмаларын бөліп алады. І топ: Палеолит дәуірін кезеңдерге бөлу, ерекшеліктерін атап өту, әр кезеңнің археологиялық ескерткіштеріне тоқталу. ІІ топ: Мезолит дәуіріне және оның ерекшеліктері мен археологиялық ескерткіштеріне тоқталу. ІІІ топ: Неолит дәуіріне және оның ерекшеліктері мен археологиялық ескерткіштеріне тоқталу. ІІІ. Энеолит (мыс-тас) дәуірі, оның ерекшеліктері мен тұрақтары жайлы топтарға ортақ сұрақтар беру арқылы жауап алу. ІV. Бекіту: І топ: «Кілтін тап» дұрыс жауаптарын табу. 1. Адамдар орта тас ғасырында тұрды: шатырда, үңгірде, уақытша қос сияқты жеңіл баспанада. 2. Айналысты: аңшылықпен, терімшілікпен, балық аулаумен, егіншілікпен. 3. Киім тікті: жүннен, жануарлар терісінен, өсімдіктер талшығынан. 4. Еңбек құралын жасады: алтыннан, тастан, темірден, сүйектен. 5. Білді: отты, жазуды, қарапайым еңбек құралдарын жасауды, үй жануарларын қолға үйретуді. ІІ топ: «Жабық тест» * Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал қалай аталды? (Бифас) *Ұзындығы 1-2 см.ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады? (Микролит) * Қанша жыл бұрын жер беті күрт суи бастап, мұздық пайда болды? (бұдан 100 мың жыл бұрын) * Ғалымдардың есептеуінше мұздық қашан ери бастады? (бұдан 13 мың жыл бұрын) * «Епті адам» қай жерден табылды? Ол қашан өмір сүрген? (Африкада Кения жері Олдувай шатқалы, ол осыдан 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген) * Неандерталь баланың сүйегі қай жерден табылған? Ол қай кезде өмір сүрген? (Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен, ол бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген) * Бұл адамдар тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Еңбек құралдарын жасауды одан әрі дамытты, әрі қоршаған ортаға ықпал етті. Бұл қандай адам туралы айтылып тұр? (Саналы адам) * Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу адамдарды топтастырды. Бұл қандай ұжым? (Рулық қауым). ІІІ топ: Суреттегі адамдарды ретімен қой және атауын көрсет. Алғашқы адамдардың суреті мониторингтен көрсетіледі (епті адам, питекантроп, синантроп, неандерталь, кроманьон). Тас өңдеудегі жаңа әдістердің көмегімен жетілдірілген құралдардың астын 2 сызықпен, сүйек пен малдың мүйізінен жасалған заттарды 1 сызықпен сызыңдар: Найзаның ұшы, балта, сүймен, түрен, ине, дәнүккіш, тиек, шанышқы, тескіш біз. V. Қорытынды: І топ: Кесте толтыру Дәуір Еңбек құралдары Шаруашылығы, кәсібі Тарихи шеңбері Ежелгі Ерте тас палеолит дәуірі Орта палеолит Кейінгі палеолит Орта тас дәуірі (мезолит) Кейінгі тас дәуірі (неолит) ІІ топ: Топографиялық диктант. Ежелгі адамдардың жүрген жолын, шартты белгілермен көрсетіп сызбасын сыз. Неандерталь адамдар үңгірден шығып, оңтүстік-батысқа қарай жүріп, өзеннен өтті. Өзеннің арғы бетіндегі шалғындықты кесіп өтіп, аралас орманға келді. Алғашқы кездескен аңды найзамен ұрып алып кейін қарай қайтпақ болды. Оңтүстік-шығысқа қарай бұрылыс жасап, таудың етегін жағалай отырып өзенге жетті. Өзеннен өтіп үңгірге олжалы оралды. Үңгір Өзен, көпір Тау Аралас орман Шалғын ІІІ топ: Алғашқы адамдардың кәсібін схемамен сызып көрсет. Әйелдер кәсібі Ерлер кәсібі VІ. Бағалау: VІІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтың 19 бетіндегі «Рулық қауым» суретіне әңгіме құрастыру. 31беттегі кестені толтыру.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
24.14 Kb
|
Количество скачиваний:
|
52
|
Просмотров: 170
Похожие материалы