Дуниетану. Отбасының берекесі.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
"Сабақтың мақсаты: балаларға отбасы — әр адамның жанына жақын, ең қымбат байлық екенін, отбасы бірлігі - бақыттың кілті екенін түсіндіру; отбасының барлық мүшелеріне мейіріммен қарауға баулу, ҚР Конституциясының 27-бабымен таныстыру. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық. -Балалар, жаңа сабағымызды ребус шешуден бастайық. Жауабы: отбасы. Отбасы дегенде ойларыңа не келді? Алдарыңдағы стикерге отбасы жайлы не білгілерің келеді, бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоятындарыңды жазып қойыңдар. Сонымен, отбасы деген сөз от сияқты жылылықты білдіреді. Өздерің жұпта бір-бірлеріңнің қолдарыңнан ұстап, бір-біріңе жақсы, жылы сөздер сыйлаңдаршы. Көңілдеріңе жылылық сезімі ұялады ма? Не сезіндіңдер? Жылы алақан адамға әрқашан да керек. Оны ең алдымен адам отбасынан алады, оны балаға сыйлайтын ата-ана. “Ата-аналар балаларына сыйлы болуға тиіс. Бірақ сый-сипат сүйіспеншіліктен туындауы қажет...» - деп Белинский айтқандай, екі жұптың сүйіспеншілігі некелесуден басталады. Яғни, отбасы – неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы. Оған ата-ана, ата-әже мен немерелер кіреді. Тақтадағы сөздердің мағынасын ашып, түсіндірейікші. «Махаббат», «құрмет», «бауырластық», «ортақ шаруашылық», «мүлік» сөдері қандай мағынаны білдіреді? Яғни, олар күн шуағындай бір-біріне жылылық танытып, махаббат, құрмет көрсетеді, қамқор болады. Үй, дүние-мүлік ортақ болады. Жүсіпбек Аймауытов “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді” деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Отбасындағы тәрбие әрқашан адам бойынан көрініп тұрады. Бұл жерде отбасындағы кіріс-шығысты да ескеру қажет. Ол отбасылық бюджет деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, отбасылық бюджетке не жатады? Отбасылық бюджет кіріс пен шығыстан тұрады. Оған еңбекақы мен зейнетақы жатады. Ол неге жұмсалады? ТҰРҒЫН ҮЙ ШЫҒЫНЫНА, ҚЫЗМЕТТЕРГЕ, КИІМ КЕШЕККЕ, БАЛАНЫ ОҚЫТУҒА. «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтқандай, барлық ата-ана баласына ақылын айтып отырады. Қиындық болған сәттерде барлық мәселені бірлесе шешеді. Отбасындағы бірлік оларды бір-бірімен жақындастырады. Ал бірлескен еңбек дегенді қалай түсінесіңдер? Өнегелі болса – бала көрікті» деп Қорқыт Ата айтқандай, өнегелі отбасында есейген ата-анасына балалары қамқорлық жасайды. Мына суретте балалары ата-аналарына қандай қамқорлық жасап жатыр? Сонымен, отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді? сызба бойынша әңгіме. -Енді, кітабымызды ашып, мәтінді тізбектей оқып, түсіндірейік. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап оқу. Бөлікке бөлу. Іштей оқу 1-тапсырма. Жұмбақты шешіп көрелік. Маған да, саған да, Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұртың Айтады, қане кім атын? Ата, ана, аға, іні, апа 2-тапсырма. Топпен жұмыс. I-топ. Бес жолды өлең. Ана сөзі II-топ. Мақал-мәтел. Аға, іні сөздерін қатыстыру III-топ. ВЕНН диаграммасы. Ата-ана мен бала сөздерін салыстыру Қорытынды. Сонымен, Үйге тапсырма. Түсініп оқу, сурет салу, өз ойымен аяқтау
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 30 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 102

Похожие материалы