Екі өрнектің квадраттарының айырымы (7 сынып)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жусипназарова Жадыра Магауияевна
|
Пәні: алгебра
Күні: 11.05.2012
Сыныбы: 7
Сабақтың атауы
Екі өрнектің квадраттарының айырымыЖалпы мақсаты
Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын өрнектерді ықшамдауда, есептерді шешуде формулаларды тиімді пайдалана білуге үйрету, өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру
Сілтеме
Алгебра, 7 -сынып оқулығы, дидактикалық материал,
«Математика және Физика» журналы
Оқу нәтижесі
Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын қолдана отырып, өз беттерінше есептер шығара біледі
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын есептер шығаруда қолдана біледі
Дереккөздер және
жабдықтар:
Интерактивті тақта, компьютер, қима қағаздары
Тапсырмалар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Топпен жұмыс
4.Деңгейлік тапсырма
5.Білімдерін тексеру
6.Бағалау
1. Топтарға бөлінеді 2. Сұрақтарға жауап береді 3. Топтар жаңа тақырыпты өздері түсіндіреді 4. Тапсырмаларды орындайды 5. Кластермен жұмыс 6. Рефлексия
Сабақ бойынша мұғалімдердің жазбалары:
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Қызығушылықты ояту
2. Топқа бөлу.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлемін. Ол үшін оқушыларға бірмүше, көпмүше, ұқсас мүшелер жазылған фишкалар салынған конверттер үлестіріледі. Онда бірмүшелер жазылған фишканы алғанда «Бірмүше», көпмүшені алған оқушылар «көпмүше», ал ішіндегі ұқсас мүшелерді «Ұқсас мүшелер» топтарына бөлеміз.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Әр топ оқушылары топ басшысын тағайындап, өз топтарының аттарына түсінік береді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І. Ой қозғау сұрақтары
І топ тапсырмасы: Бірмүшені дәрежеге қалай шығарамыз?
ІІ топ тапсырмасы: Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
ІІІ топ: Көпмүшелерді көбейткіштерге қалай жіктейміз?
ІІ. Мағынаны ажырату
Проблемалық ситуация арқылы жаңа тақырыпты ашу мақсатында үш топқа да төмендегідей тапсырмалар беремін.
І топ: (m-n)(m+n)
ІІ топ (х-y)(х+y)
ІІІ топ (c-d)(c+d)
Нәтижесін талдап, қорытынды жасаймыз.
Қорытынды: Екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
ІІІ. Ой толғаныс
А) «Бірлік болмай, тірлік болмас» (топтық тапсырма)
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
а) 199*201 а) 101*99 а) 27*33
ә) 54а2 -24b2 ә) 49х2-121у2 ә)
Ә) «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» (топ басшыларымен жұмыс)
Оқулықтағы: № 167 (1;2;3)
Б) «Білгенге маржан»
Тест жұмысы
Жікте:
1. 25а2-16b2
а) (5а-4b)(5а+4b)
б)(25а-16b)(25а+16b)
в)(5а-4b)(5а-4b)
2.(2х-4у)(2х+4у)
а) 2х2-4у2
б) 4х2-16у2
в) 4х2+16у2
3.
а)
б)
в)
4. өрнекті ықшамда:
а)5
б)
в)
5. Теңдеуді шеш: х2-225=0
а) х1=25 х2=-25
б) х1=15 х2=-15
в) х1=225 х2=-225
Тест жауаптары:
1.а
2.б
3.в
4.а
5.б
Тест жауаптарын топтармен ауыстырып, өздері тексереді.
5 жауап дұрыс болса – 5 балл
4 жауап дұрыс болса -4 балл
3 жауап дұрыс болса -3 балл
В) «Қатені тап»
Теңдеуді шешіңдер:
16х(2-х)+(4х-5)2=1
32х-16х2 +16х2+40х-10=1
32х+40х=10-1
72х=-9
х=72 : (-9)
х=-8
Жауабы: х = -8
Теңдеудің дұрыс шығару жолы:
16х(2-х)+(4х-5)2=1
32х-16х2 +16х2-40х+25=1
32х-40х=-25+1
-8х=-24
х= -24:(-8)
Жауабы: х=3
Г) Семантикалық карта
(2+х)2
х2-4
0,01а2-25b²
0,04-с2
(a+9b)2
а2+18аb+81b2
4+4х2+х2
(х-2)(х+2)
(0,2-с2)(0,2+с2)
(0,1а-5b)(0,1а+5b)
ІV. Қорытындылау
Кластермен жұмыс орындайды
Бағалау
Арифметикалық орта табу арқылы жинаған фигуралары бойынша әр оқушы өз бағасын шығарады
Мысалы:
( + + + ):3=12:3=4
Тапсырмалар, кейінгі оқу
Формуланы жаттау, §8 а) №168, №172
Тәжірибелік сабақты бағалау
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал орнатылды.
Балалар сабақта белсенді жұмыс жасады. Барлық бала бірдей қатысып отырды. Балалар топпен, интерактивті тақтамен қызығып жұмыс жасады. Өздерін емін-еркін, жақсы сезінді. Жақсы көңіл-күймен сабақ аяқталды.
Сабақ бойынша өзгертулер
Сабақ жоспары бойынша барлық тапсырмалар уақытында толық орындалды, өзгертулер болған жоқ.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 81.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |