Электр кернеуі. Вольтметр.Электр тізбегі (8-сынып)
| Предмет: | Физика |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Аубакиров Нурбол Нуралиевич
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.
Мұғалім: Кернеу, ток күші және зарядты байланыстыратын формула: U = A/q.
Кернеудің өлшем бірлігі алғашқы ток көзін ойлап тапқан италияндық ғалым А. Вольтаның құрметіне Вольт деп аталады. Электр кернеуі – токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама.
Вольтметр – өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құрал.
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Бұл кезде “+” қысқышын ток көзінің оң полюсінен, ал “-” қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды. Тізбектегі кернеу 220 В екенін сендер білесіңдер. Сондықтан тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну (тоңазытқыш, теледидар, электржылытқыш аспаптар, музыкалық орталық және т. б.) құралдары 220 В - қа есептелінген және бір құралды іске қосқанда, қалғандары тізбекте бұрынғысынша жұмыс жасай береді. Дымқыл жерде жұмыс істегенде 12 В - қа дейінгі, ал құрғақ жерде 36 В - қа дейінгі кернеу қауіпсіз саналады.
| Тип материала: | Презентация PowerPoint (pptx) |
|---|---|
| Размер: | 4,69 МБ |
| Количество скачиваний: | 6 |