Электровакуумды құралдар

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:
Термоэлектронды эмиссия. Электронды эмиссия деп дененің электрондарды қоршаған кеңістігіне жіберу процесін атайды. Электрондардың денеден шығуын қамтамасыз ету үшін, оларға қосымша энергияны хабарлау талап етіледі. Осыған байланысты электронды эмиссиялардың келесі түрлері қарастырылады: термоэлектронды, электростатистикалық, фотоэлектронды және екіншілік. Электровакуумды  диод — бұл катодтан басқа екінші электроды бар екіэлектродты лампа. Екі электрод та ауасы шығарылған шыны немесе керамика баллонына салынады. Егер анодта катодқа қатысты кернеу оң болса, онда катодпен эмиттелетін электрондар анодқа қарай жылжып, анодты тоқты құрайды Электровакуумды триод. Триод деп анод пен катод арасында торы бар электронды шамды атайды.Бұл үшінші электрод анод тоғын реттеуге арналған. Тордағы кернеу анод пен катод арасындағы алаңды өзгертеді және анод тоғына әсер етеді. Егер тордағы кернеу катодқа қатысты терісболса, онда ол электрондарға кедергі жасайтынәрекет жасайды, нәтижесінде анодтағы тоқ кемиді. Тордағы оң кернеу кезінде ол тездеткіш әрекет жасайды да, анодтағы тоқ ұлғаяды. Электрондардың бір бөлігі  тоқты жасап, торға түседі. Демек, тор анод тоғын өзгертуге мүмкіндік тудыратын басқарушы электрод болып табылады. Көпторлы электровакуумды шамдар. Көпторлы шамдарға: екі торы бар-тетродттар, үш торы бар - пентодттар, төрт торы бар - гексодттар, бес торы бар – гептодттар және алты торы бар – октодттар жатады. Көп таралғандары тетродттар мен пентодттар.
Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 1.58 Mb
Количество скачиваний: 63
Просмотров: 595

Похожие материалы