"Еңлік-Кебек" дастаны тақырыбынан сабақ жоспары

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Еңлік – Кебек» дастаны.

Мақсаты: а)ақын шығармаларының мазмұнын, көркемдік қуатын таныта отырып, сол замандағы әлеуметтік қайшылықтарды білуге, салт-дәстүр ерекшеліктерін таныту;

ә) оқушыларды ақын шығармалары арқылы әділдікке, елін сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ой-өрісін, тіл мәдениетін танымдық қызығушылығын дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау

Көрнекілігі: слайд, кітап, Шәкәрім шығармалары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, шолу сұрақтары арқылы сабаққа назарын аудару.

-      Шәкәрім қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

-      Шәкәрім қандай тілдерді білген?

-      Алғашқы өлеңдерін неше жасында жаза бастады?

-      «Жастық» өлеңін қандай үлгіде жазды?

-      Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы қандай?

-      «Еңлік-Кебек» дастаны туралы естігендерің бар ма?

Үй тапсырмасын тексеру:

(бір-екі оқушыдан ауызша, кейбір оқушылардан жазбаша сұралады)

Жаңа сабақ.

Сабақ слайд арқылы түсіндіріледі:

1-слайд. Шәкәрім суреті, сабақтың тақырыбы

2-слайд. Теориялық ұғымдарға (дастан, эпос) анықтама беру.

«Еңлік-Кебек» дастанының алғашқы басылымының мұқабасы.

3-слайд. «Еңлік-Кебек» дастаны туралы қысқаша мәлімет.

4-5 слайд. Басты кейіпкерлер Еңлік-Кебек, Нысан Абыз, Кеңгірбай бейнелері сызба-кесте түрінде түсіндіріледі.

6-слайд. Жаңа сөздер.

7-8-9 слайд. Еңлік-Кебек жасырынған Үйтас, екеуінің өлімі, Еңлік-Кебек мазары.

10-слайд. Шәкәрім мазары, бейнежазба.

Жаңа сөздермен таныстыру.

1.   Сөздерді оқу

2.   Сөздермен сөз тіркестерін құрау.

3.   Сөз тіркестерімен сөйлем құрау.

Тақтамен жұмыс: 1-тапсырма. Берілген сөздерге синоним, антоним жазу. Ауызша тіркесін құру:мықты, артық, жолдас, кең, мұңлы, заман, өңі.

Қорытынды:

1.   «Еңлік-Кебек» поэмасы қай жылы жазылған?

2.   Басты кейіпкерлері кімдер?

3.   «Абыз» деп кімді айтамыз?

4.   Олар қандай үңгірде жасырынған?

 

 

 

Білемін

Білдім

Білгім келед

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Дастанды оқып, Кебек пен Еңлікке мінездеме жазып келіңдер.

 

Бағалау:

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.2 Kb
Количество скачиваний: 84
Просмотров: 312

Похожие материалы