Здесь была ссылка на работу «Елтану» (авторлық бағдарлама) автора Әбуова Дидар Есенбекқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жаратылыстану – математика бағытындағы 11 – сыныпқа арналған қолданбалы курсының бағдарламасы. Түсінік хат: Кіріктірілген кешенді курстарды қалыптастыру, елтану материалдарын енгізу, мазмұнды ізгілендіру және әлеуметтендіру ұстанымдарын пайдалану, аймақтық материалдарды енгізу, оқушылардың біліктіліктерін көтеру яғни олардың өмірлік компотенциясын қалыптастыру бағдарлы мектептегі география пәнінің ғылыми – теориялық жаңалықтарына жатады. Курстың мақсаты: А) Оқушыларға дүние жүзі елдерінің географиялық орны, табиғаты, шаруашылығы және экономикалық байланыстарын оқытып үйрету. Ә) Оқушыларды еңбекке баулу, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Б) Әдебиеттерді, қосымша материалдарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың география пәніне деген қызушылықтарын арттыру. Курстың міндеттері: - Дүние жүзі елдерінің қазіргі геосаяси жағдайын талдау жасау арқылы саяси географиялық білімінің негізін қалау; - Жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдаланылу мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық-экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету; - Оқушыларды ұлттық шаруашылық ерекшіліктерімен таныстыру; - Оқушылардың даму деңгейі әртүрлі елдердің ерекшіліктері;халықаралық қарым-қатынастар және экономикалық-ынтымақтастық жайлы географиялық білімін дамыту; - Оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді, Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өңдеуге үйрету. Күтілетін нәтиже: - білімі мен білігі тереңдейді, - ғылыми жұмыстар орындауға икемділіктері артады, - география, экономика, мемлекеттік қызмет, туризм, саясаттану, - халықаралық қатынастар сияқты мамандықтарды таңдаған оқушылар қосымша білім, бағыт-бағдар алады. - қажетті материалдарды оқушылар өз бетімен ізденіп үйренеді. - статистикалық деректерді Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өңдеуге үйренеді