«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран Тәрбие сағатының мақсаты: а) Тәрбиелік: Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға,                          батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске                          сүйіспеншілікке тәрбиелеу. ә) Білімділікке: Өз ойын жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жетелеу. б) Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру. Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, буклет. Тәрбие сағатының жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ      (саяси – патриоттық тәрбие) 2. Еңбегімен жеңісті жақындатқан     (еңбек тәрбиесі) 3. Ұлыққа тағзым – ұрпаққа парыз.     (адамгершілік тәрбие) Әнұран орындалады.   Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.                 Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс тақсыретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45-жылдың көктемінде сақталып қалды.                 Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі қарыздармыз.                 Ажал оғын шашқан аждаһардай айбарлы жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен алты мыңнан астам азамат аттанған. Сол боздақтардың төрт мыңдайы от ортасынан оралмай қалды. Соғыс салған сойқан ішінде із-түзсіз кеткендері қаншама!                 Маңғыстау топырағынан майданға аттанғандар арасында есімдері беймәлім қалған ерлер болғанына күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды қалтарыста қалдырған да аян. Маңғыстаудай маңғаз түбектен аттанған боздақтар соғысқа награда үшін келмегендерін, ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, ел-жұртына аман-есен оралуды ғана ойлағандарын айту керек. Ұлы Отан соғысының тарихынан лайқты орын алған Маңғыстаулық батырларымызды атасақ, олар Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев, Біләл Қалиев.                   1 – оқушы: Мәди Бегенов 1916 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Ақжігіт деген жерде дүниеге келген. Мәди орталау мектепті ғана бітірген. Әкеден 12 жасында айырылып еңбекке араласа бастайды. 1938 жылы күзде әскерге алынып, 1939 жылы Балтық жағалауында әскери борышын өтеп жүріп, Ұлы Отан соғысына қатысады. Ол Сталинград, Курск маңындағы ұрыстарға қатысып, кейін 203 атқыштар дивизиясына ауысады да, барлаушылар бөлімшесінің командирі болады. 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр жағалауында өткен шайқаста Мәди бір өзі жаудың жеті солдатын, бір унтер-офицерін жер жастандырады. 1944 жылы 19 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Бегеновке Днепрден өтерде көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Бейнеу ауданында батырдың атында мектеп бар.   2 – оқушы: Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Кетік (Форт Шевченко) қаласында дүниеге келген. Ол еңбек жолын колхозда тракторшы болудан бастаған. Соғыстың алғашқы жылдарында майдандағы 7-гвардиялық атты әскер корпусына жаумен шайқасқан. Жұмағали Орел, Курск, Белгорд, Харьков үшін шайқастарды артқа тастап, ерлік істер тындырған. 1943 жылы кыркүйек айында Днепрден өтер тұста жаудың пулементтен тынымсыз оқ жаудырғанына қарамастан Қалдықараев бастаған жігіттер өзеннен өтуге кірісті. Өзеннің үштен екісінен өткен тұста жау снарядтары қардай борайды. Осындай ерен ерлігімен қаза тапқан. Днепрден өтердегі ерлігі үшін оған Кеңестер Одағының Батыры атағы беріледі. Бірақ бұл награданы алу оған бұйырмайды.             3 – оқушы: Исатай Сүйеубаев 1913 жылы Маңғыстау ауданы Тиген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған даңқты жауынгер. 1942 жылдың тамыз айында Армия қатарына шақырылған. Ақпан айында Салинград майданындағы 21-армияның 292-атқыштар дивизиясының 1036-полкының автоматшылар ротасында болды. ң жұртпен Жеңісті сағат сайын жақындата түскен.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 95 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 147

Похожие материалы