«Ертегілерді сахналаау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту»
Предмет:
Физкультура
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Жұмабаева Гүлбаршын Кужековна
Здесь была ссылка на работу «Ертегілерді сахналаау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» автора Жұмабаева Гүлбаршын Кужековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегінеПІКІР Аталған еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнында әдіс –тәсілдері түрлі -түсті суреттермен және балалардың іс -әрекет барысындағы фото суреттерінің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаудың маңыздылығы тәжірибелік сабақтардың жан –жақты талданып ұсынылуында. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды. Аталған еңбекті балабақша тәжірибесінде тәрбиешілер пайдалану үшін басылымнан жариялауға ұсынуға болады.Кіріспе. Көкейтестілігі: Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік –экологиялық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі ,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруды кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойыне сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртура ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын. Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог –ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, С. Қ. Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады. «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады. Ә. Әмірова, Г. Метербаева, А. Меңжанова, Ғ. Таубаева және басқа ғылымдар өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін қарастырып, көркем бейнені қабылдау проблемасына немесе этикалық түсініктер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдістерін анықтау жағына көңіл бөлген. Аталған мәселелерді қарастыруда бірталай қарама – қайшылықтар туындады.- балалардың ойлау қабілетінің қазақша қалыптаспағандығына сәйкес сөйлеу дағдылары дан жеткіліксіз деңгейде ;- ертегілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп жинақталмағаны ;- ауыз әдебиеті үлгілерін балаға жеткізуге арналған аудиовизуальді құралдардың тапшылығы;