Эссе «Мұғалім – мәртебелі мамандық»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,- деген болатын. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондықтан ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.  Өз кәсібінің майталманы ғана осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу арқылы жететіні түсінікті. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін «Ұстазым» деп атайды. Осы тұста ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде  бір кірпіш болып қаланып, өмірден өз орнын тауып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.8 Kb
Количество скачиваний: 123
Просмотров: 481

Похожие материалы