Эволюциялық түсініктердің дамуы. Тест

Предмет: Биология
Категория материала: Тесты
Автор:

 

10-тарау.Эволюция.Эволюциялық түсініктердің дамуы.   1-нұсқа

 

1. Тірі ағзалардың тарихи даму және жетілдіру үдерісі:

    А) экология        В) эволюция       С) эмбриология         Д) энтомология

2. Жүйелеу әкесі саналатын ғалым:

    А) К.Линней        В) Ч.Дарвин       С) Ж.Б.Ламарк          Д) С.С.Четвериков

3. «Табиғи жүйе»(1735 ж) және «Ботаника философиясы» еңбектерінің авторы кім?

    А) Ч.Дарвин       В) К.Линней        С) Ж.Б.Ламарк          Д) С.С.Четвериков

4. «Зоология философиясы» еңбегінің авторы кім?

    А) К.Линней        В) Ч.Дарвин       С) С.С.Четвериков      Д) Ж.Б.Ламарк(1809 ж)         

5. Дарақтар санының артуы және аймақтың кеңеюі не деп аталады?

    А) биологиялық регресс                                 В) биологиялық кері кету                                

    С) биологиялық прогресс                             Д) табиғи сұрыпталу

6. Әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты эволюциялық дәлел:  

    А) Эмбриологиялық   В) палеонтологиялық     С) анатомиялық      Д) генетикалық

7.  Өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген эволюциялық дәлел:

    А) Эмбриологиялық    В) палеонтологиялық     С) анатомиялық      Д) генетикалық

8.  Тірі ағзалардың ғаламшарға таралып орнығуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.    

     А) генетика     В) палеонтология      С) эмбриология       Д) биогеография

9. Онтогенез  деген не? 

     А) тірлік атаулының тарихи дамуы           В) ағзаның ата тегі 

     С) ағзаның жеке дамуы                               Д) ағзаның жалпылай дамуы

10.  Бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгісін үйлестіретін ағзаларды не дейді?

   А) ата тегі     В) өтпелі форма       С) жеке даму       Д) филогенездік қатар

11. Өсімдік пен жануар арасындағы өтпелі форманы белгіле:

   А) жасыл эвглена   В) клоакалы үйректұмсық     С) латимерия     Д) көнеқұс

12. Сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттері ұқсас,  белгілі аймақта мекендейтін дарақтар тобы не деп аталады?     

    А) туыс       В) класс        С) түр       Д) тұқымдас 

13. Әр алуан түр дарақтары арасындағы күрес не деп аталады?

  А) түраралық      В) түрішілік     С) қолайсыз жағдаймен күрес      Д) сұрыпталу

14. Түрлердің әрқайсысы бірінен-бірі неше өлшеммен ерекшеленеді?

   А) 2      В) 4     С) 5          Д) 3

15. Барлық тірі ағзалардың өз ататектерініе ерекшеленетін ортақ қасиеті:

  А) тұқымқуалаушылық     В) сұрыпталу      С) тіршілік үшін күрес     Д) өзгергіштік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-тарау.Эволюция.Эволюциялық түсініктердің дамуы.  2-нұсқа

 

1. Тұңғыш эволюциялық теория авторы кім?

    А) К.Линней        В) Ч.Дарвин       С) Ж.Б.Ламарк          Д) С.С.Четвериков

2. Осы күнге дейін қолданылып жүрген латынша қос атау енгізген ғалымды ата:

   А) С.С.Четвериков    В) Ч.Дарвин       С) Ж.Б.Ламарк          Д) К.Линней       

3. Жаттығу барысында алынған пайдалы өзгерістердің барлығы тұқым қуалайды деп 

    болжаған ғалымды белгіле:

    А) К.Линней        В) Ж.Б.Ламарк          С) Ч.Дарвин         Д) С.С.Четвериков

4. «Табиғи сұрыпталу» теориясының авторы:

    А) Ч.Дарвин       В) К.Линней        С) Ч.Дарвин         Д) С.С.Четвериков

5. «Биология» терминін енгізген ғалым кім?

    А) Ч.Дарвин       В) К.Линней        С) Ч.Дарвин         Д) Ж.Б.Ламарк

6. Жеке мүшелер, сондай-ақ тұтас ағзаны салыстырып, қатарлап орналастыруға негізделген 

    дәлел:

    А) Эмбриологиялық   В) палеонтологиялық     С) анатомиялық      Д) генетикалық

7. Хромосомалардың құрылысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген дәлел:

   А) Эмбриологиялық   В) палеонтологиялық     С) анатомиялық      Д) генетикалық

8. Филогенез деген не?  

   А) тірлік атаулының тарихи дамуы           В) ағзаның ата тегі 

   С) ағзаның жеке дамуы                              Д) ағзаның жалпылай дамуы

9. Осы заманғы жануарлардың барлық ататектері қалай аталады?

  А) ата тегі     В) өтпелі форма       С) жеке даму       Д) филогенездік қатар

10. Балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форманы белгіле:

   А) жасыл эвглена    В) клоакалы үйректұмсық     С) латимерия     Д) көнеқұс

11. Таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін, еркін шағылыса алатын бір түр

     дарақтарының тобын не дейді? 

    А) туыс       В) класс        С) түр       Д) популяция

12. Эволюцияның негізгі факторы не?

   А) табиғи сұрыпталу    В) өзгергіштік     С) тұқымқуалаушылық    Д) эволюциялық дәлелдер

13. Бір түр дарақтары арасындағы күрес не деп аталады?

  А) түраралық      В) түрішілік     С) қолайсыз жағдаймен күрес      Д) сұрыпталу

14. Ч.Дарвиннің теориясы бойынша эволюцияның қозғаушы күштері нешеу?

  А) 1     В) 4      С) 5         Д) 3

15. «Түрлердің шығу тегі» еңбегінің авторы кім?

   А) К.Линней        В) Ч.Дарвин       С) Ж.Б.Ламарк          Д) С.С.Четвериков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-тарау.Эволюция.Эволюциялық түсініктердің дамуы.   9 сынып

 

1-нұсқа

2-нұсқа

1

В

С

2

А

Д

3

В

В

4

Д

С

5

С

Д

6

А

С

7

В

Д

8

Д

А

9

С

Д

10

В

С

11

А

Д

12

С

А

13

А

В

14

В

Д

15

Д

В

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 47.5 Kb
Количество скачиваний: 132
Просмотров: 323

Похожие материалы