Фариза Оңғарсынова "Әке туралы ой","Ана махаббаты" өлеңдері
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Есенгулова Фарида Сабитовна
|
Қазақтың белгілі ақын қызы,жерлесіміз Фариза Оңғарсынованың шығармаларын меңгерте отырып,оның өзіндік ақындық қолтаңбасын таныту мақсаты көзделеді.Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 7.34 Mb |
Количество скачиваний: | 6 |