Фариза Оңғарсынованың "Оюлар" өлеңі

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Баймағамбетова Рыскүл-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.

Тақырыбы: Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, мазмұны мен идеясын ашу;

2. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

3. Қазақтыңұлттық нақыштарын қадірлеп, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, ДЖИГСО1,INSERT, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ою-өрнек түрлері, ақын портреті.

Сабақтың барысы:

  • I.Ұйымдастыру кезеңі
  • II.Білімдерін тексеру
  • 1.Сұрақ-жауап
  • III.Жаңа сабақ
  • 1.Қызығушылығынояту
  • 2.Мағынаны тану
  • 3.Сөздікпен жұмыс
  • IV.Жаңа сабақты бекіту
  • 1.Топпен жұмыс
  • 2.Кестені толтыру
  • V.Үй тапсырмасын беру
  • 1.«Оюлар» өлеңінің төрт шумағын жаттау
  • 2.Қазақтың ұлттық нақыштары
  • VI.Бағалау

Білімдерін тексеру:

  • 1.«Бауырлар» өлеңінің авторы кім?
  • 2.«Қозыкүрең» әңгімесі Қабдештің қандай повесінен алынған?
  • 3.«Мынау бір пырақ екен» деген сыншының сөзі қай шығармадан алынған?
  • 4.Т.Молдағалиев «Бауырлар» деп кімдерді айтып отыр?
  • 5.Қ.Жұмаділовтің қандай шығармаларын білесіңдер?

Жаңа сабақ

1.Қызығушылығын ояту

Фариза!

Фаризажан,Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз(М. Мақатаев)

Хронологиялық кесте

-1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

-1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октьябрдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

-1966-1968 жж. Гурьев облыстық«Комунистік еңбек »газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер.

- 1968-1970жж. Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Оралоблыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

-1970-1978 жж. Республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылы желтоқсаннан «Пионер »журналының бас редокторы.

-Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан.Әржылдары 20-дан астам өлеңжинақтары, очерктері,таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвордия» баспаларынан жарық көрді.

Шығармалары:

  • 1.«Жүрек сенсің» өлеңі
  • 2.«Сырласунемесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы
  • 3.«Үйім-менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері
  • 4.«Біздің Кәмшат» повесі
  • Оюлар
  • Түрін –ай текеметтің! Асыл қандай!
  • Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай
  • «Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп,
  • Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
  • Күйімді кешсендер-ау сол беттегі,
  • Тұрғандай ана көңі тербеп мені.
  • Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
  • Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері
  • Сөздікпен жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • 1.Қошқар мүйіз. Әдемі сөз тіркестерін пайдалана отырып әңгіме құрастырамыз.
  • 2.Сынық мүйіз.Бес жолды өлеңқұрастырамыз.
  • 3.Қос мүйіз.Оюлардың суретін салайық.
  • 4.Сырға мүйіз. Қағаздан ою оямыз
  • Кестені толтыру
Білемін Жаңа білдім Білмеймін Түсінбедім?



  • Тіке жауап тесті
  • 1.Фаризаға жан сырын айтып, өлең жазған ақын.
  • 2.Ақын «Оюлар» өлеңі арқылы нені айтқысы келді?
  • 3.Қазақ халқының өнерге сүйіспеншілігін өз үйіңнен, ауыл аймағыңнан аңғардың ба?
  • 4.1967 жылы Фаризаның қандай атпен тұңғыш жыр жинағы шықты?
  • 5.Желбау, басқұр, текемет деген не?

Үй тапсырмасы:

-«Оюлар» өлеңінің төрт шумағын жаттау;

- Қазақтың ұлттық нақыштары туралы іздену;

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.76 Kb
Количество скачиваний: 75
Просмотров: 299

Похожие материалы