«Фариза – поэзия падишасы» мәнерлепоқу сайысы 7 сыныптар

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Фариза – поэзия падишасы»

Сабақтың максат – міндеттері: Білімділігі:

Оқушыларға

қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза

Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы

мәліметтер беру.

Дамытушылығы: Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Балаларға поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Ақынның туған жерге, елге даген сүйіспеншілігін жеткізу. Поэзияға, Отанға, тілге мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреттері, кітаптары, слайд, буклеттер.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

7 «А» сынып оқушысы: Бердіханова Меруерт

7 «Ә» сынып оқушысы: Салақбаева Гүлназ

7 «Б» сынып оқушысы: Дауылбаева Асемай

7 «В» сынып оқушысы: Мусабекова Гүлмайса

7 «Г» сынып оқушысы: Қойлыбаева Бақтыгүл

7 «Ғ» сынып оқушысы: Меңдіғалиева Мөлдір

7 «Д» сынып оқушысы: Көнебаева Жұлдыз

Әділ қазылар алқасының төрайымы: Ақжігітова Тамара

Мүшелері: Төлеген Бақыт, Изтурғанова Алия, Төлеген Құралай, Сағындықова Эльмира

Кіріспе сөз: Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым! Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Қазақ халқы орны толмас қазаға душар болды. Ақиық ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынова 2014 жылы 23 қаңтарда дүниеден озды. Қазақтың бүтіндігін ойлап, тұтастығын арман еткен жыр алыбы, бірегей ақынның өмірі мен шығармашылығын еліміздің мәдениет қайраткерлері, танымал тұлғалар ерекше қимастықпен еске алады.

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір – шапағаты түскен пендесіне қиял – ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес.

Солардың бірі – жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып – тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық – жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.

Бүкіл Алаш жұрты өзінің өрісі бөлек, қазақтың жырын үлкен әлемдік биікке көтерген, қазақтың жырын өзінің мына шынашақтай дене жаратылысына қарамай, алып жүрегімен, үлкен ойының кеңістігінің шалқарлығымен, сөзінің қайталанбайтын өрнегімен бір ерекше биікке көтерген тұлғасын жоғалтып отыр.

«Рух жанартауы», «Өжеттік қайнары» атанған Фариза қашанда өмір шындығын, ақиқатты жырлады. Ол өз туындыларында безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің тіршілігіне сын көзбен қарап, оқырманын сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуға шақырды.
Фариза апамыздың ақындығы өз алдына бір төбе, азаматтығы өз алдына бір төбе, жалпы қоғамдағы кез – келген мәселеге өзінің ақындық, азаматтық ойын айтып отыратын кісі еді. Кейде батылы барып, батырып айтатын
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 10.2 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 140

Похожие материалы