Здесь была ссылка на работу Фф дыбысы мен әрпі автора Насырова Айнур Ахметбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: Фф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Фф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Фф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту. Сөздік қорларын дамыту. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптен, суреттер, қалташа, сөздер, т.б. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай-салаға қашады. Ағаш басы бүршік жарып, Гүл бәйшешек ашады. Балаларым, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? -Дұрыс, балалар. Бұл көктем мезгілінде болады. -Бүгін аптаның қай күні? -Сәрсенбі. -Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Олай болса осы тамаша көңіл күйлеріңмен сабағымызды бастайық. 2.Өткен материалды қайталау: -Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік? -Вв дыбысы қандай дыбыс? -Сөздердің қай жерлерінде кездеседі? Мен қазір осы өткен сабағымызды қорыту үшін «Кім зейінді?» ойынын ұйымдастырғым келіп отыр. Ойынның шарты мынадай: парта үстіне бірнеше суреттер беріледі. Бірақ осы суреттер ішінен тек в әрпінен басталатын немесе в әрпі ортасында кездесетін суреттерді ғана таңдап көрсету. 3.Жаңа сабақ: Балаларға телефон даусын естірту. -Балалар, бұл ненің дауысы? -Телефон. Телефон дауысы екен, дұрыс айтасыңдар.Телефон сөзіндегі нешінші әріп бізге таныс емес? 5-ші әріп. Бұл 5-ші тұрған әріп Фф дыбысы екен. Олай болса бүгінгі сабағымызда біз Фф дыбысы және әрпімен танысамыз. Фф дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді. Сөздердің басында, ортасында, аяғында кездеседі.Фф дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Сөз басында:фокус, фонтан,фотоаппарат,т.б. Сөз ортасында: кофе, телефон, буфет, т.б. Сөз аяғында: шкаф, жираф, шарф, т.б. Кітаппен жұмыс: Балаларға Фф әрпінің жазылуын көрсету. Бірінші таяқшасын саламыз, содан кейін оң жағына таяқшаның ортасына дейін жарты дөңгелек, сол жағына да дәл осылай таяқшаның ортасына дейін жарты дөңгелек саламыз. Бірінші 2-3 рет ауаға жаздырту, содан соң кітапқа жаздырту. Дәптерімізді ашайық, Салақтықтан қашайық. Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық. Балаларға ойын ойнату, топқа бөлу. «Әріп таңда» ойыны. Балалар қалташадан әріп таңдап, сол әріпке байланысты сөздер құрау, сөздерден сөйлемдер құрау, сөздерін буындарға бөлдіру.Дұрыс орындалған тапсырмаларын сандықшаға салдырту. 4.Қорытынды: -Сонымен балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? -Фф дыбысы қандай дыбыс? -Қандай текшемен белгіленеді? -Сөздердің қай жерлерінде кездеседі? -Өте дұрыс балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар., жарайсыңдар. 5.Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалаймын.