Философия пәнінен арналған тест сұрақтары

Предмет: Обществознание
Категория материала: Тесты
Автор:

1.Философия қай елде пайда болды

 

 1) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде;

 2) Еуропада;

 3) Ежелгі Үндістанда;

 4) Ежелгі Грекияда;

 5) Ежелгі Қытайда.

 

2.Философия дегеніміз не

 1) Дүниенің бар мазмұны дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;

 2) Қоғам туралы ғылым;

 3) Жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;

 4) Табиғатты тану;

 5) Аспан денелері қозғалысының теориясы.

 

3.Философияның негізгі сұрағы:

 

 1) Дүние мен Адамның, материя мен сананың арақатынасы;

 2) Әлем қалай құрылған

 3) Өмірдің мәнісі неде ?

 4) Жерден тысқары өркениет бар ма

 5) Экологиялық мәселенің себептері неде

 

4.Философиядағы негізгі екі бағыт:

 

 1) Материализм мен идеализм;

 2) Скептицизм мен стоицизм;

 3) Апологетика мен патристика;

 4) Реализм мен номинализм;

 5) Позитивизм мен идеализм.

 

5.Көне Қытай философиясының басты ағымдарының бірі:

 

 1) Конфуцийшылдық;

 2) Буддизм;

 3) Суфизм;

 4) Перипатетизм;

 5) Жайнизм.

 

6.Көне Үнділік қазір бүкіл әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілім:

 

 1) Буддизм;

 2) Йога;

 3) Брахманизм;

 4) Жайнизм;

 5) Чарвака-локоята.

 

7.Нирвана дегеніміз:

 

 1) Адамның бәрі бәрінен аулақтану күйі, сананың сөнуі;

 2) Алғашқы адам;

 3) Демді алу өнері;

 4) Тірі жандардың түрлену тізбегі;

 5) Әлемдік ой.

 

8.Антикалық философия:

 

 1) Ертедегі гректер мен римдықтардың философиясы;

 2) Орта ғасырлар философиясы;

 3) Көне Үнді философиясы;

 4) Ертедегі мысырлықтардың ілімі;

 5) Көне шығыстық даналық.

 

9.«Бәрі ағып, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет кіруге болмайды» - деген қағида кімдікі

 

 1) Гераклиттікі;

 2) Фалестікі;

 3) Парменидтікі;

 4) Зенондікі;

 5) Пифагордікі.

 

10.Фалес іліміндегі дүниенің бастамасы қандай

 

 1) Су;

 2) Ауа;

 3) От;

 4) Идея;

 5) Апейрон.

 

11.Анаксимандр іліміндегі дүниенің бастамасы қандай

 

 1) Ауа;

 2) Атом;

 3) Сан;

 4) Су;

 5) Апейрон;

 

 

12.Анаксимен іліміндегі дүниенің бастамасы қандай

 

 1) Ауа;

 2) От;

 3) Апейрон;

 4) Су;

 5) Идея.

13.Көне Грек ойшылдарының қайсысы бәрі де сан деп жорыған

 

 1) Пифагор;

 2) Анаксагор;

 3) Гераклит;

 4) Сократ;

 5) Аристотель.

14.Философия тарихында болмыс мәселесін алғаш қойған қай мектеп

 

 1) Элея мектебі;

 2) Милет мектебі;

 3) Атомистикалық мектеп;

 4) Пифагоршылар мектебі;

 5) Афина мектебі.

 

15.Адамдар өміріндегі дүниетанымның тарихи түрлері:

 1) Мифология,дін, философия;

 2) Саясат,мораль,өнер;

 3) Тарих;

 4) Мораль, дін, право;

 5) Философия

 

16.»Өлсе өлер табиғат,адам өлмес» деген;

 

 1) Абай;

 2) Аристотель;

 3) әл-Фараби

 4) Шәкәрім;

 5) Ы.Алтынсарин.

 

17.Платонның таным теориясынын сипаттаңыз:

 

 1) Еске түсіру теориясы;

 2) Агностицизм;

 3) Скептицизм;

 4) Схоластика;

 5) Эмпиризм.

 

18.Сократикалық диалогтардың авторы кім ?

 

 1) Платон;

 2) Парменид;

 3) Демокрит;

 4) Аристотель;

 5) Плотин.

 

19.Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ:

 

 1) Аристотель;

 2) Фалес;

 3) Демокрит;

 4) Сократ;

 5) Плотин.

 

20.Көне грек атомистерін атап беріңіз:

 

 1) Левкипп, Демокрит, Эпикур;

 2) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен;

 3) Парменид, Зенон, Мелисс;

 4) Сократ, Платон, Аристотель;

 5) Анаксагор, Протагор, Эмпедокл.

 

21.Апейрон дегеніміз:

 

 1) Шексіз әлдебір затша;

 2) Философиялық трактат;

 3) Көне Грек философы;

 4) Көне грек Құдайшасы;

 5) Платонның отаны.

 

 

22.Адамның әр түрлі құрамды жақтары мен қырларын тұтас қарастыратын ғылым:

 

 1) Философия

 2) Антропология;

 3) Тарих;

 4) Социология;

 5) Қоғам.

 

 

23. «Бақыт-әр адамның көздейтін  мақсаты,үлкен игілік»

 

 1) Әл-Фараби;

 2) Аристотель;

 3) Конфуций;

 4) Сократ;

 5) Платон.

 

24.Левкипп пен Демокрит ілімі қалай аталады ?

 

 1) Атомистика;

 2) Софистика;

 3) Монадология;

 4) Схоластика;

 5) Логистика.

 

25.Демокриттің атомистикалық ілімінің ізбасары кім болған ?

 1) Эпикур;

 2) Протагор;

 3) Сократ;

 4) Софокл;

 5) Цицерон.

 

26.Рим дәуірінде Демокрит ілімінің ізбасары кім болған ?

 

 1) Лукреций Кар;

 2) Макиавелли;

 3) Цицерон;

 4) Марк Аврелий;

 5) Сенека.

 

27.Демокрит атомдарының бір-бірінен өзгешелігі неде ?

 

 1) Формасында;

 2) Салмағында;

 3) Жылуында;

 4) Түр-түсінде;

 5) Қаттылығында.

 

28.Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім ?

 

 1) Платон;

 2) К.Маркс;

 3) Сократ;

 4) Эпикур;

 5) Конфуций.

 

29.Аристотель қай мектептің түлегі ?

 

 1) Платон академиясының;

 2) Милет мектебінің;

 3) Элея мектебінің;

 4) Атомистикалық;

 5) Пифагоршылар мектебінің.

 

30.Аристотель құрған мектеп қалай аталған ?

 

 1) Ликей;

 2) Академия;

 3) Колледж;

 4) Университет;

 5) Схола.

 

31.Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы қандай

 

 1) «Метафизика»;

 2) «Жан туралы»;

 3) «Никомахтың этикасы»;

 4) «Топика»;

 5) «Физика».

 

32.Адамды «саяси жануар» деп анықтаған Көне Грек философын атап беріңіз:

 

 1) Аристотель;

 2) Сократ;

 3) Эпикур;

 4) Анаксагор;

 5) Платон.

 

 

33.Аристотельдің ізбасарларын қалай атайды

 

 1) Перипатетиктер;

 2) Скептиктер;

 3) Схоластар;

 4) Реалистер;

 5) Номиналистер.

 

34.Александр Македонский патшаның ұстазы болған көне грек ойшылы кім?

 1) Аристотель;

 2) Демокрит;

 3) Сократ;

 4) Платон;

 5) Ксенофан.

 

35.«Мен ештеңені де білмейтінімді білемін», - деп айтқан Көне Грек философы кім

 

 1) Сократ;

 2) Анаксагор;

 3) Эмпедокл;

 4) Парменид;

 5) Демокрит.

 

36.Дәстүрлі формальдық логиканының негізін қалаған кім ?

 

 1) Аристотель;

 2) Бэкон;

 3) Әл-Фараби;

 4) Эпикур;

 5) Лейбниц.

 

37.Философия «Құдай сөзінің қызметшісі» ғана. Міне осы сипаттама философия тарихының қай кезеңіне қатынасты ?

 

 1) Ортағасырларға;

 2) Антикалық кезеңге;

 3) Қайта өрлеу кезеңіне;

 4) Жаңа уақытқа;

 5) Ағартушылық дәуірінде.

 

40.Схоластика

 

 1) Орта ғасырлық философияның бір бағыты;

 2) Дүние туралы дінге қарсы түсінік;

 3) Көне шығыстық философияның бір бағыты;

 4) Метод туралы ілім;

 5) Дүниені танып-білуді терістеу.

 

41.Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды

 

 1) Әл-Фарабиді;

 2) Әл-Ғазалиді;

 3) Ибн-Синаны;

 4) Ибн-Рошты;

 5) Әл-Киндиді.

 

42.Орта ғасырлық философияның айшықты белгісі:

 

 1) Теоцентризм;

 2) Космоцентризм;

 3) Наукоцентризм;

 4) Пантеизм;

 5) Антропоцентризм.

 

43.Диалектиканың қай заңы даму процестерінің ішкі қайнар көзін ашады:

 

 1) Сан мен сапа  өзгерістер заңы;

 2) Терістеуді терістеу заңы;

 3) Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі;

 4) Категориялары;

 5) Сапа .

 

 

44.«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деп аталатын трактаттың авторы кім ?

 1) Әл-Фараби;

 2) Әл-Кинди;

 3) Ибн-Сина;

 4) Әл-Бируни;

 5) Ибн-Рошт.

 

45.Араб-мұсылман орта ғасырларының көрнекті философы әрі дәрігері, «Дәрігерлік ғылым тағылымының» авторы:

 

 1) Ибн-Сина;

 2) Әл-Бируни;

 3) Ибн-Рошт;

 4) Ибн-Туфайл;

 5) Ибн-Баджжы.

 

46.Тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым:

 

 1) Болмыс;

 2) Материя;

 3) Табиғат;

 4) Қоғам;

 5).Дұрыс жауабы жоқ

 

47.Батыс Еуропалық схоластиканың гүлдену кезеңі:

 

 1) XIII ғ.;

 2) IX ғасырға дейін;

 3) IX-XII ғғ.;

 4) XIY ғ.;

 5) XY ғ.

 

48.Таным процесінің бастапқы пункті және оның негізгі болып табылады:

 

 1) Практика «тәжірибе);

 2) Рационалды таным;

 3) Сезімдік таным;

 4) Ақиқат;

 5) А мен С дұрыс.

 

49.Қайта Өрлеу заманы философиясының атақты бір өкілі:

 

 1) Николай Кузанский;

 2) Аристотель;

 3) Фома Аквинский;

 4) Авиценна;

 5) Бердяев.

 

50.Қайта Өрлеу заманы философиясының өкілдері:

 

 1) Н. Кузанский, Дж. Бруно, Н. Коперник;

 2) Ф. Бэкон, Р. Декарт, Дж. Локк;

 3) Гераклит, Демокрит, Зенон;

 4) Вольтер, Руссо, Дидро;

 5) Ф. Аквинский, П. Абеляр, Д. Скот.

 

51.Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы, Қайта Өрлеу заманы философиясының өкілі:

 

 1) Н. Коперник;

 2) Птолемей;

 3) Архимед;

 4) Лаплас;

 5) Галилей.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 136 Kb
Количество скачиваний: 336
Просмотров: 742

Похожие материалы