Физика 7 сынып «Қозғалыс» тарауын қорытындылау
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Бекмагамбетова Айгуль Толгатбековна
|
Физика
7 сынып
«Қозғалыс» тарауын қорытындылау
Сабақтын мақсаты:
1. Білімдік: «Қозғалыс» тарауын бойынша алған білімдерін тексеру,бағалау. Алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу және есептер шығару дағдысы мен қабілеттерін қалыптастыру.
2.Дамутышылық: сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау,ойлау қабылеттерін дамыту.
3. Тарбиелілік: Ұжымшылыққа,шапшандыққа,саналы сезімге,жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: бекіту,бағалау сабағы.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдісі: ауызша, жазбаша жауап алу, жекелей, топтық жұмыс,ойын, тест деңгейленген тапсырма,тәжірибе жасау.
Сабақтын барысы: І Ұйымдастыру
І бөлім. «Нені білдім?» үй тапсырмасын тексеру.
ІІ болім «Нені үйрендім» Деңгейленген есептер мәтін
ІІІ «Не жасай аламын?» Тәжірибелер
IV. Сергіту сәті: мақал-мәтелдерін оқиды.
V. Сөзжұмбақтар шешу
І бөлім. «Нені білдім?»
Тақтаға кесте ілу. Нені білдік, немен таныстық. Ойын
Әр топ мүшелері өз қалауынша 5 сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап фишкамен бағаланып, оқушыға беріліп отырылады.
30
30
30
30
40
40
40
40
50
50
50
50
Қызыл-50 кок -40 сары-30
«30»
1. Жылдамдықтың нені көрсетеді? Оның белгіленуі, өлшем бірлігі және формуласы
2. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріндер
3. Инерция деп нені айтады? Бұл құбылысты кім ашты.
4. Материялдық нүкте деген не? Қайсысында денені материялдық нүкте деп есептеуге болады: а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті. Ұшақ «өлі тұзақ» фигурасын жасап жүр; ә) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда.
«40»
1.Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/сағ болатын
ақбөкенді куып жете ала ма?
2. Неліктен автобус жолаушылары еріксіз оңға қарай қисаяды. Автобустың қозғалыс өзгерісі
(солға бұрылды)
3. Дұниенің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйесі туралы не білесің.
4. Мектеп пен үйдің арасы 200 м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын ауыстыру неге тең
«50»
1. Жүрген жолдың орын ауыстырудан кандай айырмашылығы неде:мысал келтіре отырып түсіндіріңдер.
2. Жүріп келе жатқан пойыз вагонының үстелінде кітап жатыр. Кітап:а) үстелмен; ә) рельспен; б) Аймен; в) тепловозбен салыстырғанда қозғалыста ма,әлде тыныштықта ма?.
3. Сут таситын машиналардың цистернасына қарап қозғалысын сипаттандар; қайсысы бірқалыпты қозғалыста, жүрісін баяулатып келеді,жүрісін шапшандатып келеді.
ІІ болім «Нені үйрендім»
Деңгейлеп даярланған есептер мәтіні оқушының өз қалауы бойынша беріледі. Бетке шығарып мұғалімге тапсыру,ол тексеріп, жауап парағына түсіреді.
Деңгейленген есептер мәтіні
«А» деңгей
1. Жердің жасанды серігінің жылдамдығы 7,9 км/с. Егер оның траекториясының ұзындығы 42660 км болса, ол қанша уақытта Жерді бір айналып шығады?(5400 с)
2. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м/с жылдамдықпен жүрген. Осы ара қашықтықта велосипедші жүріп өтетін уақытты есептендер (100 с )
3. Дене 5 минут ішінде 6 м/с тұрақты жылдамдықпен қандай жол журіп өтеді (1800 м)
4. Автомобиль 2 сағат ішінде 120 км жол жүрді. Автомобильдің жылдамдығы нешеге тең болады? (60 км/сағ)
«В» деңгей
1. Жүзгіш өзен ағысымен жүзіп келеді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 0,6 м/с болса, ол 1,2 км жолды қанша уақыт ішінде өтетінің есептендер. (2000 с)
2. Жер Күнді 30 км/с жылдамдықпен айналады. Сонда Жердің1 сағат ішінде өз орбитасы бойымен жүретін жолы нешеге тең?(108000 км)
3. Трактор 5 минутта 0,6 км жол жүрсе, ол қандай жылдамдықпен көзғалады ( 2 м/с)
4. Велосипедші 5 сағат 30 минут ішінде 99 км жол жүрді. Велосипедшінің орташа жылдамдығын анықтап, оны м/с-пен өрнектендер.( 5 м/с)
«С» деңгей
1. Дене жолдың бірінші жартысын 20 секундта 20 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Ал екінші жартысын 5 секундта 5 м/с жылдамдықпен өтсе,дененің орташа жылдамдығы тең болады:
(17 м/с)
2. Трамвай бірінші 200 м жолды 5 м/с орташа жылдамдықпенжүріп өтті,ал келесі 600 м жолды 10 м/с орташа жылдамдықпен өтсе,дененің жол бойындағы орташа жылдамдығы қанша?
3. Автомобиль алғашқы 30 км жолды 15 м/с жылдамдықпен жүрді, ал келесі 40 км жолды 1 сағ ішінде өтті. Автомобильдің жол бойындағы орташа жылдамдығын аңықтандар.
4. Көлбеу бетте 120 м жолды 10 с ішінде жүрген вагон түзу жлға келіп түскеннен кейін 1 мин ішінде 230 м жүрді. Вагонның жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтандар.(5 м/с)
ІІІ «Не жасай аламын?»
3 топ басшысы жребий бойынша өз тобы жасайтын тәжірибені таңдап, тәжірибені жасап көрсетеді және қорытындылайды
Тәжірибелер:
1. На столе собрана установка из двух желобов. Пустить шарик из точки А и остановить в точке В.Определить среднюю скорость движения шарикана пути АВ. Чем различаютсядвижения шарикана участках АС и СВ
А В
2. Используя рулетку и секундомер,определить среднюю скорость движения ученика вдоль классао.
3. Определить на опыте среднюю скорость движения заводной тележки от начала ее движения до остановки, используя измерительную ленту и секундомер.
4. На доску поставте столбиком 10-12 шашек, одну на другую. Достаньте нижнюю шашку, не свалив верхних. Обьясните это явление
5. На край доки положите полоску бумаги, а на нее поставьте столбиком несколько шашек. Достаньте бумажку не свалив шашки. На каком явлении основан.
6. Положите на горлышко пустой бутылки кольцо диаметром 10-15 см из тонкой бумаги шириной 2-3 см. На кольцо положите монету. Что сделать чтоб монета упала в бутылку не дотрагиваясь до него
Сергіту сәті: Үйден жазып келген «қозғалыс» туралы білімге қатысты мақал-мәтелдерін оқиды.
Сөзжұмбақтар шешу
І топ «инериция»
ІІ топ «Қозғалыс»
ІІІ топ «Коперник»
Бағалау
Бағалау парағы
Аты -жөні
Нені білдім
Нені үйрендім
Не жасай аламын
(тәжірибе)
сөзжұмбақ
Қорытынды
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 52.5 Kb |
Количество скачиваний: | 42 |