Физика және математика пәнінен сыныптан тыс шара. «Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бекмагамбетова Айгуль Толгатбековна
|
Физика және математика пәнінен сыныптан тыс шара.
«Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы
Тақырыбы : «Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы
Мақсаты : 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана
біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән
ге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа
тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Қорап, доп, сурет,аспаптар: Динамометр, электроскоп, мензурка, барометр, амперметр, вольтметр.
Өткізілу этаптары:
1- тур (Әр сұрақ 1 ұпай)
2-тур Логикалық есептер (әр сұрақ 2 ұпай )
3-тур 7 математикалық сөздерді ата (әр сөз 1 ұпай )
3-тур Аспапты білесің бе? (әр сұрақ 1 ұпай)
4-тур логикалық сұрақтар (әр сұрақ 1 ұпай )
5- тур ойлан ,тап (сұрақ 2 ұпай )
Қатысатын сыныптар 7-8-9
Әр сынып жеке топ болып бөлінеді. Топтың атын қойып, ұрандарын айтады.
1 тур Ойға шабуыл
І топ сұрақтары:
1) «Физика» гректің қандай сөзінен алынған, мағынасы.( табиғат)
2) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
3) Қысты күні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?
4) Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
ІІ топ сұрақтары:
1) ) Физиктер : « ... – заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы айтқан? ( Ом заңы)
2) Автобус кілт қозғалғанда қандай қозғалысқа түсесің? (шалқаямыз, инерция құбылысына байланысты)
3) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім (Архимед)
4) Жазды күні қандай киім киген дұрыс?
ІІІ топ сұрақтары:
1) Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?(диффузия)
2) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
3) Бүкіл әлемдік тартылыс занның ашқан ғалымі?
4) Қаз судан неге құрғақ шығады?
2 тур. Логикалық есептер
1. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)
2. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз. Шешімі:3,7,9 деген цифрларды алып тастасақ. 2854106 шығады.
3. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)
4. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді? Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут.
5. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 52
6. Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?
Егер «17»=7; «21»=2; «30»=0; «45»=20; «53»=15, онда «913 »=? (27)
7. Сандардың өзгеруіне қарай дұрысын табыңыз: 31, 29, 24, 22, 17, ...(15)
8. Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі? (14,19)
9. Отбасында төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат,Жанат. Қыздардың біреуі бала- бақшаға барады. Жәнібектен үлкен,Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұл ма? Ж-бы: (5+13)=18:3 Райхан > Жәнібек. Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте, ол-Жанат, демек ол балабақшаға барады. Жанат-қыз.
Қөрермендерге сұрақ
1. Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді. -Бұл қате, -деді Алишер -Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, -деп Жәнібек ашуланды. -Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, -деді Алишер. Кімдікі дұрыс? Шешімі: Жәнібек дұрыс айтты. 1)Соңғы
цифралардың көбейтіндісі бірге аяқталуы керек. 2)Екі тақ санның көбейтіндісі тақ санға аяқталуы керек.
2. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?
3. Қанша балық. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
3- тур 7 математикалық сөздерді ата
1. «П» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( пирамида, призма, параллелепипед, планиметрия, парабола, параллель, перпендикуляр)
2. «К» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, квадрат, косинус)
3. «Т» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( трапеция, тең, теорема, түбір, тангенс, түзу, тікбұрыш, транспортер)
4-тур Аспаптар ( 1 ұпай )
Аспапты білеміз бе?
Нені өлшейміз?
Динамометр
Мензурка
Электроскоп
Амперметр
Вольтметр
Барометр
Күш, жол, электр ток, қысым, көлем, электр кернеу, электр заряд,
5-тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)
1. Ағаштың бұтағында он торғай отырды. аңшы біреуін атып тастаған соң, неше торғай қалады?
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4 Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны , ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды ? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? (3)
6- тур Ойлан. Тап (2 ұпай)
1. Египет жерінде Хеопс пирамидалары бар екендігі белгілі. Бұл пирамидалар біздің ғасырымыздан бірнеше жыл бұрын салынған . Осы пирамидаларды салу кезінде қандай механизмді пайдаланды? Ол қалай жұмыс істейді?( иіндік, рычаг)
2. Францияның Анжера қаласында 1780 жылы салынған шынжырлы көпір болатын. Ол кезде өте мықты болғандығы соншалық талайлардың таңдайын қақтырған. Бір күні оның үстімен сап түзеген әскерлер өте бастайды. Әскерлердің алды арғы жағаға жақындай бергенде,ойламаған жерден көпірдің шынжырлары быт шыт болып опырылады да 200 адам апатқа ұшырайды. Апаттың себебі неде?
( резонанс)
Сыр сандық құпиясы(логикалық)
Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады.
4 тең қабырғалы шаршылар орналасқан. 3 шырпының орын ауыстыру арқылы тең 3 шаршы құрастыр
6 тең қабырғасы үшбұрыштан, 4 шыршының орын ауыстыру арқылы 3 үшбұрыш құрастыр.
Қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтау
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 639.78 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |