ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА «ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ”     

                   Н.Назарбаев

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.  Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетілгендей, білім беру саласында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.

 Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін қазіргі кезеңде дарынды да талапты оқушы тәрбиелеп шығару – мектеп  мұғалімдерінің  алдына қойылып отырған басты мәселе.

Ғалымның ісі  - Ғаламдағы  заңдылықтарды ашып , оны  сөз бен  формулаларға айналдыру.

Әдіскердің міндеті   -ғалымның ашқан жаңалығын  білімге айналдырудың құралдарын табу.

 Педагогтың міндеті  -  осы мақсатқа  ғалымның  да, әдіскердің де  жетістіктерін  кең көлемде  қоса отырып , оқушының  біртұтас  ойлау  қабілетін қалыптастыру .  Білім мен іскерліктің  қосындысы  - педагогты өзгелерден  ерекшелейтін  қасиет міне осы.   Маслова  Н.В.

Жаңа заманға сай білім беру реформасында әрбір педагог сантүрлі технологияны қолдануда.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман.»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі –білімді ұрпақ.          Мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз.  Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін  қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»   - деп  Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 275.09 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 104

Похожие материалы