Формуланы енгізу және көшіру жолы
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Баймаханов Кайрат Байзакович
|
Пәні: Информатика. Сыныбы: 8
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
-Оқушылармен амандасу
-Көңіл-күйіне көңіл бөлу
-Сабаққа әзірлігін сұрау
2. Топқа бөлу. Үш топқа бөлінеді.(Бүгінгі тақырыпқа байланысты «Сан», «Формула», «Функция» тобы).
ІІ.Миға шабуыл
Берілген суреттердің мағынасын ашу. Қағазда берілген суреттерді топта мағынасын ашу арқылы бағдарламаның терезе элементтерінің атын табады.
/топты топқа екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалату/
ІІІ. Жаңа тақырып Формуланы енгізу және көшіру
Топпен жұмыс
Әр топ 5 рөлді өзара бөліседі. /Көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы/
Әр топқа тапсырмаларды бөліп беру арқылы оқушыларды топта оқулықпен жұмыс жүргізу. /1 топқа: Формуланы қалай енгізуге болады және функция шеберінің мүмкіндіктерін анықта. 2 топқа: Салыстырмалы және абсолют сілтемелер не үшін қолданылады? 3 топқа: Формулаларды көшіру және ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру/
Топта отырған әр оқушы өз рольдерін, міндеттерін жауапкершілікпен атқарады.
Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында топ мүшелерінің жұмысын бағалап, түсіндірмесін жазады.
Топ пікірлерін тыңдау. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі
ІҮ. Жұптық жұмыс
Сәйкестендіру тесті ./Жұмыс дәптерінде орындалады/
1 нұсқа
Жауабы: 1-4, 2-5, 3-1, 4-2, 5-3
2 нұсқа
Жауабы: 1-5, 2-4, 3-1, 4-2, 5-3
3 нұсқа
Жауабы: 1-4, 2-3, 3-1, 4-5, 5-2
Тақтадан дұрыс жауаптары көсетіледі, сол бойынша жұпта орындалған жүмысты келесі жұп тексереді. /Сағат тілі бойынша/
Ү.Жеке жұмыс «Кім жылдам?» /Компьютерде жеке жұмыс жасау/
Деңгейлік тапсырмалар беру
1 тапсырма. Қоңырау кестесінің электрондық кестесін құрыңыздар:
1. А1 ұяшығына "Қоңырау кестесі", В3 ұяшығына-"Сабақтың басталуы",
С3 ұяшығына- "Сабақтың аяқталуы", ал А4:А10 - "1 сабақ", "2 сабақ", ..., "7 сабақ"; Е3 ұяшығына - "Сабақтың жүргізілуі"; Е4 ұяшығына - "Үзіліс уақыты" деп мәтін енгізіңіз.
2. Берілген мәндерді енгізіңіз: В3 ұяшығына- 8:30; Ғ3-0:45; Ғ4-0:10
3.Қалған ұяшықтарға формулалар енгізіңіз: сабақтың соңы мына формула бойынша есептелуі керек "Сабақтың басталуы"+"Сабақтың аяқталуы". Қандай формула жазылуы керек? = С3+Ғ$3.
4.В5 ұяшығына қандай формула жазасыз? = С4+Ғ$4.
5.Сіздің кестеңіздің түрі мына түрде болуы тиіс
2 тапсырма. Сынып журналының электрондық кестесін құрыңыз, ол үшін оқушылардың фамилиясы мен атын жазып, ІІІ-тоқсандағы бағасын қойып, сонымен қатар күндерді қою керек. ЭК -ң орындалу реті төмендегідей:
1. А1 ұяшығына -оқушылардың аты-жөні.
2. В1 ұяшығына - 1-ші күнді, келесі ұяшықты толтыру үшін қандай формуланы пайдалануға болады? = В1+7.
3. В2:J8 ұяшықтарына оқушылардың бағаларын қою керек
4. К бағанына барлық бағалардың арифметикалық ортасын табу керек, ол үшін мына формуланы пайдаланамыз. (=ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(В4:J4);0)), бұл формуланы теру үшін функция шеберін қолдану керек.
Оқушылардың аты-жөні енгізіліп болғаннан кейін К3 ұяшығын толтырып болғаннан кейін Вставка-Функция-Функция шебері-Арифм.ортасы-Ок-Функция аргументі-Ок
ҮІ. Үйге тапсырма
§8.3.Формуланы енгізу және көшіру тақырыбын оқу.
Семантикалық картамен жұмыс /дұрыс жауабы сәйкес ұяшыққа " +" белгісін қояды/
ҮІІ.Рефлексия
Пәні: Информатика. Сыныбы: 8
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесіп, хал-жағдайларын сұрау
2.Сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту
3. Топқа бөлу. Үш топқа бөлінеді.(Бүгінгі тақырыпқа байланысты «Диаграмма», «График», «Функция» тобы).
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасы
Үйге берілген тест тапсырмасын жұптасып бірін-бірі тексеру.
Смайликтермен бағалау. /стикерлерге көңіл-күй нышанын салып тест құрастырған парақшаларына жапсыру/
ІІІ. Жаңа тақырып Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Топпен жұмыс
/Оқушыларға топқа тапсырма беріледі, тапсырманы топта орындап,әрбір топ ортағы шығып қорғайды/ Екі жүлдыз бір ұсыныспен бағалайды
Тапсырма: Диаграмма түрлерін жаз және диаграмманы қалай құруға болады, құру жолын көрсете отырып, мысал келтір
Оқушылар тапсырманың бағалау критерилерін айқындады.
Бағалау барысында "алға", "жарайсын" деген мадақтама сөздерді ұяшыққа жазу керек.
Жарайсың-5, алға-4
ІҮ. Жеке жұмыс . /Компьютерде жеке жұмыс жасау/
1 тапсырма.
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс
2 тапсырма.
Сертгіту сәті. Көз, дене жаттығуы
Ү. Сабақты бекіту
үш қадамдық сұхбат
Сұрақ қоюшы, жауап беруші, бағалаушы
Сүрақ:
1.Диаграмма дегеніміз не?
2.Диаграмманың негізгі түрлерін ата
3.Диаграмманы құру үшін ұанда батырманы пайдаланамыз
ҮІ. Үйге тапсырма
§8.5.Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау тақырыбын оқу
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау тақырыбында өздігінен ізденіп, мәлімет жинап келу
ҮІІ.Кері әсер парағы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 514 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |