Газ заңдары, 7 - класс

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

Газ заңдары тақырыбындағы сабақ жоспарына арналған презентация. қазақ тілінде оқытылатын кластарға арналған. 

I. Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары

Сабақтың білімділік мақсаты: Үш параметрдің(Р, V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды тұжырымдау. Изопроцестер туралы мағұлмат беру.

     Дамытушылық мақсаты: Газ заңдарының өзара байланысын түсіне білуге, формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту.

     Тәрбиелік мәні: Пәнаралық байланысты арттыра отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге, өз бтінше ізденуге, зерттеуге тәрбиелеу.

     Көрнекілігі: Сызба – нұсқалар тіркеу карточкалары, графопроектр.

     Сабақтың әдісі : Түсіндірмелі және сұрақ – жауап.

     Пәнаралық байланыс: математика, информатика мен есептеуіш техника негіздері.

     II. Сабақтың барысы:

  а) Ұйымдастыру 

     б) Үй тапсырмасын сұрау

  в) Негізгі сабақ

г) Сабақты бекіту

д) Оқушыларды бағалау

е) Үйге тапсырма

III. Үй тапсрмасын тексеру сұрақтары.

1. Күй теңдеу деп нені айтамыз?

     2. Клапейрон және Менделеев -   Клапейрон теңдеуінің қайсысы молырақ мағұлмат береді?

3. Газ тұрақтысы R неге универсал деп аталады?

Осы сұрақ бойынша жауаптар алдым.

IV.  Негізгі сабақ. Бүгінгі сабақтың өзгешелігімен мақсаты айтылды. Жаңа тақырып меңгеру.

1.     Газдың бір параметрі тағайындалып, қалған екі параметрі арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңды газ газдары деп айтады. Осы кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады.

Газдың берілген массасы үшін:

     а)Т=const болғанда, PV=const (Бойль – Мариотт заңы)

     Изотерімдік процесс деп аталады. 

     б) P=const болғанда =const (Гей - Люссак)

     Изобаралық процесс деп аталады

     в) V=const болғанда=const (Шарль заңы)

     Сызба – нұсқаларды қолдана отырып жан – жақты мағұлматбердім.

2.     Информатика мен есептеуіш техника негіздерімен байланыстыра отырып «Газ заңдарына» алгаритм құруды үйреттім. 

Газ заңдарына алгоритм  құру.

Сұрақ: Алгоритм дегеніміз не?

Жауап:Ізделіп отырған нәтижені алу мақсатында қолданылатын жарлық.

Алг.Газ заңдары (нақ.P,V,T)

V. Сабақты бекіту.

а)Сұрақтар қойып,жауаптар алдым.

1.Газ заңдары дегеніміз не?

2.Бойль-Мариотт,Гей-Люссак,Шарль заңдарын тұжырымда.

3.Изотермдік,изобарлық,изохорлық, процестер график түрінде қалай кескінделеді?

б) I, II, III-нұсқаға бөліп графопроектор арқылы мынадай графиктерді көрсетіп ауызша өздік жұмыс алдым.

 Оқушылардың жауаптары:Изохорлық процесс:1;5;9.

Изотермдік процесс: 2;4; 7.

Изобарлық процесс:3;6;8.

в)Есептер шығарту.

VI. Оқушылардың білімі бағаланды.

VII.Үйге тапсырма берілді:§14.3-жаттығу.№3,4,5.

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 9.91 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 186

Похожие материалы